Жайық пен Сырдың сырбазы

60

0

Жайық пен Сырдың сырбазыАлды-артына қарамай өтіп жатқан күндер-ай! Бұл азаматтан көз жазғанымыз күні кеше сияқты еді, сол бір өксікті, өкінішті сәттерден бері бір жылдың жүзі болыпты. Иә, үлкен жүректің тоқтағанына да, оны елі аһ ұрып жоқтағанына да, азаматтың ақ жүзін қара топырақтың жапқанына да, міне, он екі айдың жүзі толды…
Жыл болды үлкен жүрек соқпағалы,
Жыл толды өмір-өзен ақпағалы.
Ел-жұрты, туған халқы жоқтап отыр,
Туған жер азаматын жоқтар әлі…
Бір сәт өткенді «тірілтер» бол¬сақ, қазақ ардағы мен боздағын азаламай, жоқтаусыз қалдырмаған. Бірер уәж – Шыңғысхан әскер¬лерінің жорығынан мерт болған Отырар қала¬сының әмірі (әкімі) Хайырханды халқы бір жыл бойы үзіліссіз жоқтаған. Ұлы Шоқан, Абайдың баласы Әбдірахман, аға сұлтан Ерденнің жалғыз ұлы өмірден озғанда да ел-халқы оларды жыл бойы жоқтап, ұлттық ғұрыппен қадірлеген. Өлген жанның қазір жетілігін, қырқын, жүзін, жылын атау дәстүрінің шығу тегі – жоқтау.
Осындай ғұрыппен жыл бойы жоқталып, аруағы¬на ас беріліп отырған мына азамат Ақжайық пен сұлу Сырдың сырбазы атанған Болат Төрәліұлы Тілесов еді. Ол өткен жылдың қаһарлы күндерінде ауыр науқастың қыспағынан 75 жасында кенеттен көз жұмған болатын.
Қазақ қаламгерлері көрнекті ақын Сырбай Мәуленовтің бір қа¬сиетін жыр ғып айтады. Ол өмірі адам баласын жамандамайды екен. Сондай жан біздің арамызда да бар. Бізден бірер көйлекті бұрын тоздырған Арғын Садықұлы да сондай жан. Бірде оның әлгіндей жағымды мінезінің куәсі болдым. Осындағы политехникумды ұзақ жыл басқарып, ұстаздық еткен ол қызметтес болған әріптестерінің біразының атын атап, олар туралы бірыңғай жағымды лебіздер айтты:
– Болат Тілесов қайтыс боп кетті. Нағыз еркек еді. Өзі Оралдың, Ақжайықтың тумасы болатын. Артық сөзі, оғаш мінез-әрекеті жоқ, ақырын жүріп, анық басатын, дос-жа¬ран¬ға, шәкірттеріне мейі¬рім-ша¬па¬ғатын төгіп тұратын, адал¬дықтың ақ туын асқақ ұстайтын жігіт-тін. Ұжымдағы білімді, мә¬дениетті ұстаздардың, абы¬рой¬лы жандардың көшін бастайтын да сол болатын.
Оқу орнының еңбегі сіңген бұ¬рынғы басшысы айтқандай, Болат Төрәліұлы 1940 жылы Ақ¬жайық аймағында (Орал облысы Казталовка ауданы) дүниеге келді. 1957 жылы осындағы орта мектепті бітірген соң әскери парызын өтеуге аттанып, одан оралған соң 1963 жылы Алматыдағы ауыл ша¬руашылығы институтының меха¬ника факультетіне оқуға түседі.
Болат ата-анасынан ерте айы¬рылып, жетім¬діктің тауқы¬меті¬нен қиындық көрген соң, Орал қаласындағы өзі қалаған ма¬мандығын беретін жоғары оқу орнына ауысып, оны 1968 жылы бітіріп, жоғары білім алып шығады.
Оның оқу бітіріп, «Ақжайық¬тың Қыз Жібегі» атанған Күләш сұлумен отау көтеруіне ағасы Харес көмек қолын созып, со¬ның демеуімен жас жұбайлар ша¬ңырақ көтеріп, үй болып кетеді. Оқуын бітірген соң жолдамамен Қазалыдағы ауыл шаруашылығы техникумына оқытушы болып келеді. Жас маманның алғашқы үш жылы осы ауданда өтті. Содан 1971 жылы Қа¬залыдағы техникум Қызылордаға кө¬шіп, осындағы оқу орнымен қосылып, іріленеді. Осылай Болат Тілесов те осында қоныс аударады. Осындай ауыс-түйіс себебімен Ақжайықтың Қыз Жібегі мен Төлегені (кейін осылай деп әзілдеуші едік) енді «сұлу Сырдың сүлейлері» атанып, құтты қоныс табады. Жаратылысынан жан біткенге жұғымды, адамға үйірсек, бауырмал «Қыз Жібек пен Төлеген» Сыр өңірінен көптеген дос, жолдас тауып, олар¬мен тез тіл табысып, келінді болады. Ұлын ұяға қондырып, қыздарын қияға ұшырады. Осында отырғанда үлкен ұлы Қайрат юрист, одан кейінгі Талғат білікті банк қызметкері, қыздары Венера дәрігер, Эльмирасы экономист-ғалым, Жаннасы тіс дәрігері мамандығын алып шықты. «Терек бір жерден көгереді» деген осы да. Болат бір салада қырық жылдай ұстаздық етіп, еңбек демалысына шығып еді. Ал, «Қыз Жібегі» де осы оқу орнында фельдшерлік қызмет атқарған ардагер.
Қысқасы, қазір қатарымызда жоқтығы болмаса, Болат шын бақытты адам. Оған дәлел – елі, халқы, дос-жараны атын ұмыт¬тырмай әлі жоқтап отыр. Жұбайы, ұл-қызы, тіпті құдағиы Нәзира да күн құрғатпай рухына құран бағыштайды. Ал, Нұрхан, Әлихан, Нұржан, Азамат, Абылайхан, Дамир, Кеңес, Айдана есімді немерелері:
Сәт сайын есік жаққа елеңдейміз,
Атамыз қазір кіріп келер дейміз.
Құшақтап бәрімізді кезек-кезек,
Әкелген ойыншығын берер дейміз, – деп сағынып отыр.
Құрметті оқырман қауым, енді бір сәт марқұмның жанашыры Күләштің (Қыз Жібегінің) жоқ¬тауына құлақ түріңіздер:
Кіндік кесіп, кір жуған,
Жеріңді кімге тапсырдың?
Үйрек ұшып, қаз қонған,
Көліңді кімге тапсырдың?
Тай-құлындай тебіскен,
Теңіңді кімге тапсырдың?
Бауырыңнан өрген ұл-қызың,
Төліңді кімге тапсырдың?
Тірнектеп жиған мүлкің мен,
Малыңды кімге тапсырдың?
Елу жыл бірге отасқан,
Жарыңды кімге тапсырдың?
Жетпіс бес жыл өмірде,
Абырой, бедел жинадың,
Пейіште нұрың шалқысын,
Жолдас болсын иманың!
Иә, Ақжайық бойында туып, Алаштың Анасы атанған Сыр то¬пырағынан мәңгілік орын тапқан Болат Төрәліұлын өлді деуге аузы¬мыз бармайды. Ол мәңгі жоқтала береді.
Өтеген ЖАППАРХАН,
құдалар атынан еске алушы. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз