Әлемдегі ең қымбат және ең арзан қалалар тізімі

"UBS" банк және инвестициялар компаниясы қоныстану мен тұрмыс үшін әлемдегі ең қымбат және ең арзан ірі қалалардың тізімін жасады. Индексі 100-ге тең Нью-Йорк қаласындағы нарық эталон есебінде қабылданған. Тізімде барлығы 77 қала қамтылған. Нарықты саралау үшін компания 3 адамнан тұратын тұрмысы орта Еуропа жанұясы пайдаланатын 128 түрлі тауар мен қызметтерден тұратын стандарт тұтыну себетін жасаған. Мемлекеттер арасындағы тұтыну талаптары мен айырмашылықтар да есепке алынған.
Ең қымбат қалалар (топ-10)
Цюрих (Швейцария) — 116,8
Женева (Швейцария) — 113,4
 Осло (Норвегия) — 107,8
Копенгаген (Дания) — 106,1
Нью-Йорк (АҚШ) — 100
Токио (Жапония) — 99,5
Милан (Италия) — 95,4
Лондон (Ұлыбритания) — 92,9
Чикаго (АҚШ) — 92,7
Хельсинки (Финляндия) — 91,8.
Ең арзан қалалар (топ-10)
Каир (Египет) — 34,6
 Лагос (Нигерия) — 40,6
Киев (Украина) — 44,0
 Манила (Филиппин) — 45,2
Нью-Дели (Үндістан) — 46,0
 Мумбаи (Үндістан) — 46,6
 Ханой (Вьетнам) — 47,2
София (Болгария) — 50,7
Мехико (Мексика) — 51,0 Найроби (Кения) — 52,7.
Бұл ерекше рейтинг арқылы сондай-ақ, Сеул (88,3), Таллин (70,2), Пекин (65,1), Санкт-Петербург (62,6), Мәскеу (61,6), Рига (57,7), Стамбул (52,7) сияқты қалалардың арасындағы нарықтар айырмашылығын біліп алуыңызға болады.
Массагет.кз сайтынан
ТАНЫМ 30 мамыр 2018 г. 694 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031