ЮНИСЕФ тарихындағы ең жас елші

14 жастағы Голливуд актрисасы Милли Бобби Браун ЮНИСЕФ, яғни,  Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар Қорының ең жас ерікті елшісі атанды. Барша әлемге "Біртүрлі оқиғалар" сериалы арқылы жақсы таныс жас жұлдыз: "ЮНИСЕФ-тің ерікті елшісі болу — арманның орындалуы. Бұл үлкен мәртебе деп білемін.

 Бірнеше жылдар бойы осы міндетті атқарып келген атақты адамдар тізімінің менің тегіммен толығатыны қуантады. Мен балалар мен жастарды көруге, олармен әңгімелесіге асықпын. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі балалар білімі, құқығы және өзге де мәселелерін қозғап, қолдау көрсеткім келеді", -деді.  ЮНИСЕФ директоры Энриетта Фордың айтуынша, Милли өзі бала болғандықтан, үлкендердей емес, өзге баланың жай-күйін ұға алады.  Естеріңізге сала кетейік, ЮНИСЕФ еріктілері қатарында Дэвид Бекхэм, Джеки Чан, Приянка Чопра, Орландо Блум, Рики Мартин, Лиам Нисон, Шакира және басқа да тұлғалар бар.

ТАНЫМ 26 қараша 2018 г. 472 0