Қазақстандықтар қанша елге визасыз бара алады?

Визалық шектеулер индексін есептейтін халықара­лық Henley & Partners консал­тинг­тік компаниясы әлем елдері паспорттары индексінің жаңарған рейтингін жариялады. Қазақстан бұл тізімде екі саты жоғарылап, 69-дан 67-орынға көтерілді. 2019 жылдың бірінші тоқсанын Жапония бастады. Күншығыс елінің азаматтары 190 елге визасыз бара алады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш бойынша Германия бірінші орында (177 ел) болатын. 

Оңтүстік Корея Үндістанмен арада визасыз жүру мүмкіндігін ашып, рейтингте екінші орынға (189 ел) көтерілген. Сондай-ақ Сингапур елінің азаматтары да әлемнің 189 еліне визасыз барып қайта алады. Германия мен Франция елінің азаматтары әлемнің 188 еліне визасыз бару мүмкіндігіне ие.  

 Ұлыбритания мен АҚШ елдері индекс рейтингінде өз орындарынан төмен сырғыған. Бұған екі елдің сыртқы саясатына байланысты факторлар өз әсерін тигізген. Қазақстандықтар әлемнің 76 еліне визасыз бара алады. 105 ел орналасқан паспорт индексі рейтингінде 67-орынға көтерілген. Оман елі де Қазақстанмен бір қатарда тұр. Бір жыл бұрын қазақстандықтар 71 елге визасыз бара алатын. 

Қазақстандықтар визасыз баратын елдер тізімі - henleypassportindex.com

 Ирак пен Ауғанстан рейтингте соңғы орындарға жайғасқан. Бұл елдің азаматтары 30 елге визасыз бару мүмкіндігіне ие. Айта кетейік, Henley & Partners компаниясы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) бірлесіп визалық шектеулер индексін 2006 жылдан бері жариялап келеді.

massaget.kz
ТАНЫМ 08 қаңтар 2019 г. 141 0