Жерден үш есе үлкен экзопланета табылды

NASA ғарыш агенттігінің жер серігі Күн жүйесінен тыс орналасқан жаңа экзопланетаны анықтады. Бұл ТЕSS (Transiting Exoplanet Survey Satellite) тапқан үшінші жатғаламшар саналып отыр. 

Америкалық агенттіктің ресми сайты хабарлағандай, жаңадан табылған HD 21749b планетасы Жерден үш есе үлкен көрінеді. Сондай-ақ салмағы 23 есе ауыр. Беткі температурасы Цельсий бағамы бойынша 150 градусқа тең. - Бұл планетада тығыздық Нептуннан да жоғары. Бірақ тау-қыратты емес, - дейді зерттеуші Диана Драгомир. Guardian басылымы бұл планета газдан тұратынын хабарлады. Сондай-ақ зерттеушілер тағы да бір планета табылғаны жайлы айтқан. Бірақ нақты емес. Жердің көлеміндей болатын планета нақты анықталса, TESS тапқан ең кішкентайы болмақ. TESS жаңа планета тапқаны жайлы алғаш рет өткен жылдың қыркүйек айында хабарлаған болатын. Кейіннен тағы бір экзопланетаның бары анықталған-ды. Transiting Exoplanet Survey Satellite аппаратын NASA "планеталар аңшысы" деп те атайды. TESS аппаратының мақсаты - Күн жүйесінен тыс орналасқан ғаламшарларды табу. 2018 жылдың сәуір айында ұшырылған. Екі жыл бойы ғарыштық кеңістікті "бақылап", ақпарат жолдайтын болады. Бұл зерттеушілер үшін аса маңызды әрі құнды ақпараттар болуы бек мүмкін. Бұл жер серікті жасау мен ұшырылуына ондаған университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтары өз үлесін қосқан.  

massaget.kz
ТАНЫМ 10 қаңтар 2019 г. 65 0