Шабыт сыйлайтын жұмыс орны

Эргоника –  ыңғайлы орта құруға негізделген ғылым. Дұрыс отыру, ыңғайлы орта, жайлы жұмыс орны. Бұның бәрі бұл сала арқылы іске асады. Ал, кеңсе қызметкерлері үшін шабыт сыйлайтын жұмыс орнын қалай құруға болады? Мына кеңестерге бір көз жүгіртіп шығыңыз.
 Барлығы үстелден басталады: Алдымен, кеңсе қызметкері еркін жұмыс істеу үшін қажетті үстел көлемін анықтап алыңыз. Жұмыс үстеліне барлығы сыю керек: құжаттар, оқу құралдары. Егер оқу құралдары көп болса, көпсалалы үстел таңдаған дұрыс. Олардың қосымша жәшіктері үстелді таза ұстауға мүмкіндік береді.
Орындық та маңызды: Арқаңыздың саулығы сіздің орындығыңызбен тікелей байланысты. Жайлы жұмсақ орын, жағдайға бірден икемделетін орындық арқасы сіздің дұрыс отыруыңзға септігін тигізеді.
Жарықты бақыла: Жұмыс орнындағы маңызды нәрсе – жарықты қадағалау. Кеңседе терезелердің үлкен болуы, ашық болуы табиғи жарықтың бөлмеге түсуіне әсер етеді. Одан қосымша, жұмыс үстеліне арналған арнайы шам да артық етпейді.
Жұмыс үстелі орналасатын аймақты таңдаңыз: Кеңсе қызметкері орын таңдай алмауы мүмкін. Бірақ, үйде жұмыс істейтін фрилансерлер үшін ңғайлы орын таңдау – өз қолында. Шығармашылық адамына өзгерістер артық етпейді. Керісінше, шабыт сыйлайды.
Жұмыс орнын тазартуды ұмытпаңыз: Жұмыс орның кем дегенде аптасына бір рет тазалап отырыңыз. Әйтпесе, кейін іздеген затыңызды табу қиынға түседі әрі уақытыңызды алады. Жинақы әрі таза орын қашанда пайдалы.
Массагет.кз
ТАНЫМ 23 ақпан 2019 г. 80 0