Табиғи інжуді қалай танимыз?

 Інжу тастан жасалған әшекей – сәннен кетпейтін мәңгі тренд. Кейде жасанды інжу тастың табиғи екендігін айтып, қымбатырақ сататын жерлер кездеседі. Алданып қалмас үшін табиғи інжу тасты анықтау жолдарын біліп жүріңіз. 

1-кеңес. Табиғи інжудің беті тегіс емес, бұдырлы болып келеді. Егер тасты тісіңізге қысып көрсеңіз, жасанды тас оңай жылжып кете береді, ал табиғи інжу жылжымайды.

  2-кеңес. Шын  інжу тастар бір-бірінен барлық параметр бойынша ерекшеленеді. Яғни, түсі, өлшемі және пішіні бір-біріне ұқсамайтын болады. Жасанды жолмен алынған інжулер бірдей болады.

3-кеңес. Інжудің табиғилығын анықтайтын тағы бір әдіс – үйкелеу. Екі інжуді бір-біріне үйкелеп қараңыз. Бұл процестен ұсақ шаң шықты ма? Сонымен қатар, табиғи інжуді сулағанда үйкелістен қалған із толықтай кетеді.

4-кеңес. Інжуді тырнақ егеуішімен де тексеруге болады. Моншақты тырнақ егеуішімен уқалаңыз, егер беткі қабаты кете бастаса, оның жалған болғаны. Ал егер моншақтың беткі қабаты бүтін және зақымдалмаған болса, оның табиғи інжу болғаны.

5-кеңес. Үйде інжудің табиғилығын анықтау үшін жасаған тәжірибелеріңіз нәтиже бермесе, оны арнайы шеберханаға апарып көрсетуге болады. Зергерлер арнайы томографпен табиғи інжуді оңай анықтайды. 

Дереккөз: massaget.kz
ТАНЫМ 28 ақпан 2019 г. 322 0