Ғабит Мүсіреповтің әйел, сұлулық туралы нақыл сөздері

  Ғабит Мүсірепов – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, аудармашы, әдеби сыншы, сонымен қатар әйел тақырыбында көп қалам тербеген халық жазушысы. Қазақ қызы мен әйелін, ана бейнесін керемет көркемдей білген, көркем сөзімен сурет салған жазушының сұлулық, әйел, ана, қыз тақырыбындағы ғибратты сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. 

1. Әйел асқақтаса – жылайды, еркек асқақтаса – құлайды. 
2. Әйелдің естілігі жеңсе – сұлулығы да арта түседі.
 3. Әйелдің ақылы – көркінде, еркектің көркі – ақылында. 
4. Әйел шынымен жылап алса, ажарланып кетеді.
 5. Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау  келеді.
 6. Қазақ әйелін “жан жолдасым” дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.                7. Жапон қызында айқай салу әдеті жоқ.
 8. Патшалар өлер, басқалар өлер – сұлулық өлмес, мейірім өлмес, әдеп өлмес. 
9. Әйел ашуланса – жеңіледі, еркелесе – жеңеді. 
10. Жержүзінде қазақ әйелдерінен басқа бір әйел құдайын қарғай алмайды.
 11. Маскүнем үйінен өтірік айтып кетеді, өтіоік айтып келеді. Оның өтірігін өңдеймін деп бала алдында шеше өтірікші болады. 
12. Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді. 
13. Әйелдер – көне грек идеалына әлдеқашан жетті, еркектер – жоқ.
 14. Көркем жүздің жүдегені де, өңсізденгені де оңай көзге түседі. 
15. Әйелің серігім деуге жарамаса, тек қана балаларың болғандықтан жардың орнында болғысы келсе – бұдан артық қасірет қайсы.
 16. Кейде сұлулық пен ерлікті салыстырып қарасаң – жеңіс сұлулық жағында кетеді. 
17. Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім. 
18. Кір жуып жатқан әйелді Ремарк сонша айқын көрсеткендіктен, мұрныма жуып жатқан кірдің иісі келді.
 19. Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі-ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады. 
20. Менің Джакондам – Ұлпан.
 21. Қазақ әйелі азғана жәрдем бергенді ұмытпайды – тезірек еселеп қайыруға тырысады.
 22. Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе – қасиет,    
   Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе – қасірет. 
23. Біз әйелді әйел сыңайынан таныған елміз.

Дереккөз: massaget.kz
ТАНЫМ 04 наурыз 2019 г. 459 0