Рамазанда дұрыс тамақтану өте маңызды

Рамазан – мұсылмандар үшін жақсы мүмкіндіктер айы: рухани жаңғырумен қатар денсаулықты да түзетуге, өмір сүру салтын өзгертіп, зиянды әдеттерден де арылуға тамаша мүмкіндік.

Ораза кезінде  күні бойы сергектікті сақтау үшін қалай дұрыс тамақтануға болады? Ағзаға зиян келтірмей, ауыз бекітуді қалай пайдалы етуге болады?Ұзақ уақыт бойы тамақ пен судан бас тартудың сусыздануға, өттің жиналуына және басқа да мүмкін болатын проблемаларға әкелмейтіндей етіп оразаны қалай ұстау керек? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін келесі қарапайым кеңестерге назар аударыңыз.


Қандай тағам пайдалы, қайсысын шектеген дұрыс?

Ораза адам денсаулығының жақсаруына сөзсіз ықпал етеді, алайда дұрыс тамақтану ережелерін ұстанбаса, зиян келуі әбден мүмкін. Ораза кезінде тамақ ішудің біздің денсаулығымыз үшін шешуші маңызы бар. Тағамдар қарапайым және қарын тойдыратын және әдеттегі күнделікті диетадан айтарлықтай өзгеше болмауы тиіс. Сәресіндегі тағамдар күні бойы ұзақ энергияны қамтамасыз етуі тиіс. Ауыз бекіту сағаттарының ұзақ болуын ескере отырып, баяу қорытылып, сіңімділігі жоғары азық-түлік өнімдерін пайдалануға кеңес береміз.

Баяу қорытылатын өнімдер – күрделі көмірсулардан тұратын тағамдар (арпа, бидай, сұлы, сөк, ұнтақ жармасы, бұршақ, жасымық, кебек ұн, тазартылмаған күріш және т.б.) Құрамында жасұнық (клетчатка)бар өнімдер, - кебек, бидай дәні, дәнді дақылдар, темірге бай көкөністер, жеміс-жидек, бадам, кептірілген жемістер – өрік, инжир, қара өрік және т.б.Тұтынатын азық әр тағамдық топ өнімдерін қамтуы тиіс: жеміс-жижектер, көкөністер, ет/тауық/балық, нан/дәнді дақылдар мен сүт өнімдері.

Сәресіге де, ауыз ашу кезінде де құрманың дастарқанда міндетті болуы маңызды.  Бұл организмдегі қант және тұз деңгейін қалпына келтіруге көмектеседі. Құрма өте пайдалы және көптеген қасиеттері бар:

•Жеңіл сіңіріледі,

• Аштық сезімін төмендетеді, көп тамақ ішудің алдын алады.

• Көп аштық сағаттарынан кейін тамақтануға асқазанды дайындайды

• Қантқа және энергияға бай, организмдегі қоректік заттарды қалпына келтіреді

• Ас қабылдау уақытының өзгеруі және т.б. нәтижесінде болатын іш қатуды болдырмайды.

Күн батқаннан кейін ауызашарға кірісу кезінде 200 – 300 грамм су ішіңіз, содан кейін екі дана кұрма немесе өрік, кез келген тәтті жеміс жеуге болады.

Ораза кезінде шектеу қажет: 

майдың мөлшерін екі есе қысқартыңыз. Егер мәзірге кілегей немесе сүтті қосу қажет ететін болса, майсызын пайдаланыңыз.

құрамында қанты көп тағамдарға, тәттіге аса қызықпаңыз;

тым көп мөлшерде тұз пайдаланудан аулақ болыңыз. Тұздың орнына тамаққа дәмін шығару үшін ащы емес дәмдеуіштер, құрғақ қыша, пияз, қызанақ қосыңыз.

Бас тарту қажет: 

шектен тыс тойып тамақ жеу, шайды мөлшерден тыс көп ішу (әсіресе ауыз бекіттерде, өйткені шай зәрайдағыш қасиетке ие, сондықтан күні бойы адамға қажетті минералды тұздарды  ағзадан шығаруға әкеп соғады)

 Қандай тағам дұрыс:

- Таңғы уақытта, яғни ауыз бекіту кезінде ұзақ уақыт қорытылатын күрделі көмірсулар.
- Құрма–глюкоза, көмірсу, калий мен магнийге бай жеміс.
- Бадам – құрамында протеин мен жасұнық (клетчатка) көп.
- Банан–калий мен магнийдің, көмірсудың нағыз көзі.

Қандай сусын ішкен дұрыс?

- Сәресі мен ауыз ашарда да суды неғұрлым көп ішкен дұрыс, сонымен қатар ифтарға жеміс шырындары да пайдаланған дұрыс.


Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

ТАНЫМ 08 мамыр 2019 г. 495 0