Басылымға басшылық еткендер

Жиенғали ТІЛЕПБЕРГЕНОВ

Жиенғали Ті­­лепбергенов 1895 жылы Ақ­төбе облысы Те­­­мір ауданы бұ­­рынғы №47 ау­ылда дү­ние­ге келген. Он жасында ау­ыл молдасында оқы­­ған. Со­дан кейін Орын­бор­­дағы медре­седе дәріс ал­ды. 1918-1923 жылдарда Қандағаш мек­тебінде мұ­ғалім, Темір уездік оқу бөлімінің инспекторы, меңгерушісі болып қызмет етті.

1925 жылдың қазан айында “Кедей” газеті редакторының орын­басар­лығына тағайындалды. 1926 жылдың желтоқсанынан 1927 жылдың тамызына дейін Петропавлда шығып тұрған “Бостандық туы” газетінің редакторы болды.

1928 жылы 5 желтоқсанда Қа­зақстан өлкелік партия комитетінің ше­шімі бойынша Қызылордадағы қазақ ағарту институтының оқу-тәрбие жұмысын бақылаушы, кейіннен директоры болды. Одан кейін “Сыр бойы” газетіне редакторлыққа ауыс­ты. 1933 жылдың сәуір айында қайтыс болды.


Қайыпназар ҚАУЫМБАЕВ

Қайыпназар Қауымбаев 1911 жылы туған. 1937 жылы 10 наурызда “Ленин туы” газетіне редактор болып тағайындалды. 1937 жылдың 21 мамырында ҚазТАГ-тың, осы жылғы 28 тамызда “Правда” газетінің оңтүстік  облыстардағы арнаулы тілшісі ретінде іске кірісті.

1937 жылы 28 қыркүйекте “халық жауы” ретінде партия қатарынан шығарылды. 31 қазан күні атылды. Облыстық партия комитетінің 1981 жылғы 17 қазандағы шешіміне сәйкес Қ.Қауымбаевтың партияға мүшелігі  қалпына келтірілді.

– Туыстарымның ішіндегі ең сауаттысы осы Қайыпназар еді, – дейді інісі Зікірия Қауымбаев. – Ол “Правда”, “Известия” газеттерінен қажетті дүниелерді қиналмай аударатын. Әрі орыс тілінде жазатын сол кездегі бірден-бір журналист еді. Орыс классиктерінің шығармаларын (Толстой, Гоголь, Чехов, т.б.) жақсы білетін. Абай өлеңдерін жатқа айтып отыратын.


Мырзахмет СӘТБАЕВ

М.Сәтбаев 1903 жылы Алматы облысы Қас­келең ауданына қарасты “Прямой путь” колхо­зында дүниеге келді. 1923-27 жылдар аралығында өзі туып-өскен ау­данның №6 аулында оқытушы болып жұмыс істеді. Ал, 1927 жылдан 1934 жылға дейін Еңбекші қазақ ауданының түрлі ауылдарындағы мектептерде басқарушылық қызмет­терде болды. 1934-37 жылдары Ком­мунистік журналистика институтында оқыды. Мұны бітірісімен Қарағанды облысының Қарағанды аудандық “Еңбек майданы” газетіне редактор болып тағайындалды.

1938 жылы жоғары жақтың ұйғарымымен Қызылорда облыстық “Ленин жолы” газетіне редактордың орынбасары болып келді. 1939 жыл­дың 5-ақпанынан бастап 10 маусымға дейін осында жауапты  редактор қыз­метін атқарды. Осы жылдың (1939 ж) 20 шілдесінен бастап газет­тің партия тұрмысы бөлімінің меңге­рушілігіне ауыстырылды.

 

Тойбазар ЕЛЕМЕСОВ

Т.Елемесов 1906 жылы Қа­­залы уезі Шы­бын­­ды болысын­да дүниеге келді. 1923-1928 жыл­дары Шымкент қа­ласындағы Сыр­дария гу­бер­­­­ниялық пе­да­гогикалық тех­­никумын тә­мам­­дады. 1932 жылдың аяғына дейін Арал ауданында ағарту саласында еңбек етіп, 1933 жылдан бастап баспасөз, партия, кеңес қызметтеріне араласты. 1933-1935 жылдары Арал аудандық газетінің жауапты редакторы, бұдан соң бір жыл Қостанай облыстық газеті жауапты редакторының орынбасары, тағы бір жыл (1938-1939 жж.) Алматыда ҚазТАГ-тың жауапты жетекшісі және редакторы қызметтерін атқарды.

1939-1946 жылдары Қызылорда облыстық “Ленин жолы” газетінің жауапты редакторы болып жұмыс істеді.

Базарбай САРБАСОВ

Б.Сарбасов 1911 жылы Қызыл­орда облысы Жаңа­қор­ған ау­данында дүниеге кел­ді. 1927-1929 жыл­дары Түркістан қа­ласындағы ФЗО мек­­тебін бітіріп, па­ровоз депосында жұмыс істеді. Бұдан кейін Алматыдағы ВКП (б) Өлкелік комитеті жанын­дағы газет қызмет­керлерін дайындай­тын 6 айлық курс­­ты тәмамдап, 1930-1935 жылдары Ком­му­нистік журналистика институтында білім алған соң “Теміржолшы” (Түрксіб темір жолы) газетінде жауапты хатшы болып жүргенде 1942 жылы әскер қатарына алынды. Соғыста ерлік көрсеткен ол атқыштар ротасына командир болды.

Б.Сарбасов соғыстан оралған соң 1945-1946 жылдар аралығында бұрынғы “Теміржолшы” газеті редакторының орынбасары болып қайтадан бейбіт еңбекке кірісті. Ал, 1946 жылы талантты журна­лист-жауынгер Қызылорда облыстық “Ле­нин жолы” газетіне редактор болып тағай­ындалды. Ол бұл қызметті 1949 жылдың тамыз айына дейін атқарды.

 

 

Сүлеймен СЕЙІТОВ

С.Сейітов 1912 жылы Қызылорда облы­сы Қазалы  қа­ла­сында дүниеге келді. 1929-1934 жыл­­­­дары Алматы қаласындағы “Мед­рабфакті” тәмам­да­ғаннан кейін екі жыл Қызыл Армия қатарында болды. Төрт жыл Алматыдағы Ком­мунистік  журналистика институтында оқыды. Бір жыл облыстық партия комитетінде  нұсқаушы болған соң, 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып онда маңызды  әскери міндеттер атқарды. 1946 жылы әскерден келген соң  Қызылорда қалалық, Сырдария аудандық партия комитеттерінің екінші хатшысы болып  жұмыс істеді.

Ол 1949-1951 жылдары Қызылорда облыстық “Ленин жолы” газетінің редакторы болды. 1951-1954 жылдары Москвадағы жоғары  партия мектебін бітіріп, ізінше Целиноград облыстық “Есіл правдасы” газетінде редакторлық қызмет атқарды. 1960-1964 жылдары облыстық партия комитетінің нұсқау­шысы, ал 1964 жылы баспасөз жөніндегі облыстық басқарманың бастығы болды.

С.Сейітов екі “Қызыл Жұлдыз”, “Отан соғысы”, “Еңбек Қызыл ту” орден­дері, алты медальмен наградталды.

 

 

Жұмаш ҚОНАҚБАЕВ

Жұмаш Қо­нақ­баев 1915 жылы Се­мей губерниясына қарасты Қар­қаралы қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келді. 1928-1930 жылдары Қарқаралы қала­сын­дағы педтехникумды тәмамдағаннан кейін аз ғана уақыт мұғалімдік қызмет атқарып, 1931-1937 жылдары Алматы педагогикалық институтына оқуға түсті. Оны бітірген соң 1938-1940 жылдары “Октябрь балалары” газетінде алдымен редактор орынбасары, содан соң жауапты редактор болып қызмет атқарды.

Осыдан кейін де “Лениншіл жас” га­зе­тінің жауапты хатшысы, жауапты редактордың орынбасары болды. Бір жыл әскер қатарында болып қайтқан соң қай­тадан “Лениншіл жастың” жауапты  редакторының орынбасары қызметін атқар­ды. 1941 жылдан 1945 жылдың қыркүйек айына дейін қауіпсіздік  органдарында жұмыс істеді. 1945 жылдың қыркүйек, 1946 жылдың наурыз айлары аралығында қайтадан “Лениншіл жас” газеті жауапты редакторының орынбасары міндетін атқарады.

Ал, 1946-1948 жылдары “Қазақстан пионері” газетінің жауапты редакторы болды. 1948-1951 жылдары Мәскеудегі жоғары партия мектебінде оқыды. 1951 жылы 14 қыркүйекте ҚКП Орталық Комитетінің ұйғарымымен Қызылорда облыстық “Ленин жолы” газетіне жауапты редактор болып тағайындалды. Ж.Қонақбаев бұл жұмысты 1953 жылдың  1 шілдесіне дейін атқарды.


Хамза СЫЗДЫҚОВ

Х.Сыздықов 1904 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түр­кістан қаласында дүниеге келді. 1921-1926 жылдары Таш­кент­тегі Қазақ ағарту институтының үшін­ші курсын бітірді.

1926-1929 жылдары Сарыағаш се­­ло­сын­дағы же­ті­жылдық  мектеп ди­ректоры болып, ал, 1929-1930 жылдары Келес аудандық халық ағарту бөлімін басқарды. Бұдан кейін екі жыл осы аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болды. 1937 жылы Октябрь аудандық “Социалистік жол” газетінде,  1938-1942 жылдар аралығында Семей облыстық “Қызыл ту” газетінде бас ре­дакторлық қызметтер атқарды.

Х.Сыздықов 1943-1950 жылдар ара­лы­­ғында Мәскеуде алғашында жартыжылдық, содан соң біржылдық газетің қыз­мет­керлерін дайындайтын (ВЛКСМ. ВПШ)  курстарда оқыды. 1953 жылы ҚК Ор­талық Комитетінің шешімімен Қы­зыл­орда облыстық “Ленин жолы” газе­тінің редакторлығына тағайындалды. Х.Сыз­ды­қов бұл жұмысты 1965 жылдың шілдесіне дейін атқарды. Редакторлықтан ауысқаннан кейін ол 1963 жылдың мамырына дейін “Ленин жолы” газеті редакторының  орынбасары қызметін атқарып, зейнетке шықты.

ТАНЫМ 29 маусым 2019 г. 326 0