Төрт күндік жұмыстың пайдасы бар ма?

Былтыр Жапония мен Германия және Жаңа Зеландияның бірқатар фирмасы «үш күндік» жұмыс аптасы» тәжірибесін енгізе бастады.

Ал биылғы жылдың басында өткен Давос экономикалық форум­ында жұмыс күн­дерінің санын жаппай қысқарту туралы ай­­тыла бастаған еді – сарапшы­лар оның тиімді тұстарын – адам­ның көңіл күйінің кө­те­ріліп, жұмыс сапасының артатынын жет­­­кіз­ді. Негізі бұл ұсынысқа БҰҰ Ха­лық­­ар­алық Еңбек ұйымы да қолдау білдіре оты­рып, мемлекеттерге енгізуді ұсыныс ретінде айтты.

Әрине талап біреу – жұмыс күні төрт, мейлі үш күнге дейін қыс­қар­­тылса да, ол адам­ның еңбек­ақы көле­міне теріс әсерін тигізбеуі тиіс. Біз де бұл та­қы­рып­тан қалыс қалмай, елі­мізге бел­гілі құқықтанушы мен дәрі­­гер­­лердің бірқатарының пікірін жа­зып алдық.

 

Құқықтық кедергі жоқ


Осы тәжірибенің біздің елімізде белсене енгізілуін ұдайы жақтап, үнемі көтеріп келе жатқан танымал құқық қорғаушы Жангелді Сүлейменовтің айтуына қарағанда, қазір әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жұмыс күндерін қыс­қарту еңбек өнімділігін арттыра түседі.

– Бізде жұмыстан барынша ти­тықтап, шаршаған адам қалауынша демалып, жұмысына қарқынмен кірісер еді. Қазір біздің елімізде ең­бектің тұралап қалуына да еңбек кү­шінің төмендігі әсер етіп отырғаны анық. Мәселен, Израильде жұмыс аптасы алты күндік. Мұның не қатысы бар дерсіз? Сол ел халқының тұр­мысы жақсара түсті ме? Ешқандай өзгеріс жоқ, – дейді Ж.Сүлейменов.

Құқықтанушы егер адамға қажетті үңгірді бес сағатта қазу тапсырса, ол орны орындайды. Ал он үш сағатта қазу қажет болса да, сол үңгірді ояды.

Жоғарыда аталған Давос формумынан кейін Henley Business School бастамасымен британдық 250 компанияның арасында жұмыс апта­сындағы күндерін санын азайтуға бай­ланысты сұраулар, талдаулар жүргізе бастаған.

Independent осы орайда біршама уақыттан сол компанияларда жаңа жұмыс кестесін енгізіп көрген жұмыс берушілердің 60 пайыздан астамы сынақтың оң әсері болғанын және жұмысшылардың еңбек қабілетінің сақталып қалғанын атап өткен.

 

 «Төрткүндіктің»  не құпиясы бар?


Біріншіден. Жұмыскерлердің эмоционалдық жағдайы түзеледі. Кәсіпорындардың 78 пайызында жұмысшылардың бұрынғыдан да­ ба­қыттырақ, 70 пайызында күй­зелістерге төзімдірек бола түскенін, ал 62 пайызында жұмыста отырып ауыр­ған адамдар қатары азайып кеткенін мәлімдеген.

Екіншіден. Экология тазара түсті. Жұмыс кестесінің қысқаруына байланысты жұмыс орны мен кеңселеріне баруды азайтқаннан, қоршаған ортаға автокөлік құралдарынан келетін қал­дықтар да азайды.

Үшіншіден. Шығындарды үнем­деу. Қосымша жұмыс күнінің пайдалы қазба өндірушілер, көлік және көліктік кәсіпорындарға қатысы болуы тиіс. Сондықтан бұл жаңашылдықтың экономикалық тұрлауы да бар.

 

Қолыңыздан ешкім қақпайды


Негізі, әлем елдерінде 40-48 са­ғаттық жұмыс аптасын толық енгізіп болмай жатып, тағы түйткіл жасаудың да қа­жеттілігі ша­малы. Америкалық атақ­ты Ford Motor Company-дың негізін қалаушы Генри Фордтың ұсынысымен аптасына 40 сағаттық жұмыс уақыты ен­гізіле бастағанда, бұл бастамаға қарсы пікір білдіргендер көп еді. Қазір әлем елдеріндегі жағдай былайша кестеленеді. Әзір­ге Нидерланды халқы аптасына 29 сағаттай ғана жұмыс істейді, бұл уақыттың өзі аптасына төртке бө­лінген. Дания, Норвегия, Швеция мен Италияда, тіпті қияндағы Гамбияда да аптасына төрт күннен артық жұмыс істемейтін қызмет орнын тауып алуға әбден болады. Оның ішінде Дания мен Норвегиядағы жұмыс аптасының алғашқы төрт күніндегі жұмыс уа­қыты орташа 33 сағатқа келтірілсе, қалғаны – икемделетін уақыт. Оған қоса, жұмыстан босатылған немесе қысқартылған қызметшіге мемлекет екі жылға дейінгі мерзімге мемлекеттік жәрдемақы төлеп отыруға міндеттелген. Ал Германия, Бельгия мен Францияның аймақтарында аптасына 35 сағаттан аспайтын еңбек тәртібі бекітілген. Бір қарағанда ұқыпты әрі ұғынықты, еңбекқор болып әспеттелетін Швейцария халқының да жұмыс аптасы осы шамалас. Ал бізбен көршілес Ресейдің өзі ара-тұра бұл мәселені көтеріп қойғандай көрінетінімен, әлі де түпкілікті шешім жоқ. Бұл арада бізбен қарайлас ел­дердің экономикалық әлеуеті, фи­­зио­­логиялық мүмкіндіктері да шамалас болғандықтан, әзірге тек сая­си ерік-жігер жетпей отырғанға ұқсайды. Қиялай қарасаң, халқының көбі аптасына 39 сағаттан кем жұмыс істемейтін британдықтардың да аса байып жатқаны шамалы. Ал көбесі қалыңдау көрінетін Қытай елінде бұл мәселеге басқаша көзқарас қалыптасып, апталық жұмыс күнін азайтуға нақты талпыныс­тар жасалып келеді. Алайда, бұл онсыз да жаппай автоматтандыру және цифрлы құрылғылардың белсенді енгізілуінен бос қалып жатқан жұмыс орындарының тоқырауына әкелмей ме? Бұл да үрей.

Ал елімізге белгілі дәрігер, ака­де­мик Жақсылық Досқалиев: «Адам демалған кезде біріншіден, миын тынықтырады. Істеріне байып­пен қарап, ақылға салынады. Осының нәтижесінде тыныққан жұ­мысшы инновацияға ұмтылып, жаңа­шыл­дықтарды жүзеге асыруға тырысар еді. Бұл өз кезегінде адам­ның өмір жасын ұзарта түсуге де керек. Әри­не қосымша демалыс тек саламатты өмір салтын ұстануға ғана жұм­салуы тиіс», деген пікірін айтты.

Тап қазіргі арифметика бойын­ша аптасына бес жұмыс күні үшін төленетін 100 мың теңгені неліктен 4 күнге ғана төлеймін, деген шонжарлық ой туындаған болса, Генри Фордтың еңбегін оқуды ұсынамыз. Өйткені оның алғашқы бастамаларының біз­дің қойын кітабымызға айнала бастаға­нына да ғасырдан асты.


Серік ӘБДІБЕК
egemen.kz

ТАНЫМ 19 тамыз 2019 г. 400 0