Әлемдегі ең үлкен халықаралық әуежай ашылды

 Бейжіңде әлемдегі ең үлкен халықаралық «Дасин» әуежайы ресми түрде жұмысын бастады, деп хабарлайды Қытай БАҚ-тары.
 Бұған дейін әуежай құрылысының басшысы Ли Цзяньхуа «SkyTeam» альянсына кіретін барлық әуекомпаниялардың жаңа халықаралық әуежайға көшетінін, ал «Star Alliance» әуекомпаниялары «Шоуду» халықаралық әуежайында қалатынын мәлімдеген.
Ресейлік «Аэрофлот» әуекомпаниясы да «SkyTeam» альянсының мүшесі болғандықтан жаңа әуежайға көшеді. Әлемдегі ең үлкен халықаралық әуежайдың құрылысы 5 жыл бұрын басталған болатын. «Дасин» әуежайы Бейжіңнің оңтүстік бөлігінде, орталықтан 46 км қашықтықта орналасқан. Төрт ұшу-қону жолағы бар әуежай жылына 620 мың рейсті қабылдай алады.
Әуежайдың жалпы ауданы 47 шаршы шақырымды құрайды. Жылына 45 миллион жолаушы келеді деп жоспарланып салынған.
 


Дайындаған: Динара Доспан
ТАНЫМ 25 қыркүйек 2019 г. 418 0