Астероидтар туралы қызықты деректер

Астероид –  көлемі үлкен емес (диаметрі 30 метрден асатын) қалыптасқан формасы жоқ ғарыш обьектісі. Олардың көлемі барлық планетадан шағын болып келеді, Астероидтар Күнді айнала өз орбитасымен қозғалады. Онда атмосфера болмайды, алайда оның серігі болуы мүмкін.

Астероидтар туралы қызықты 15 дерек.

Көптеген астероидтар үлкен көлемге ие. Диаметрі 10 шақырымнан  асатындары Жерге қауіп төндіруі мүмкін. Жер бетінде Мұз дәуірінің басталуына ірі астероидтың құлауы әсер еткен болуы мүмкін. Марс пен Юпитер арасындағы астероидтар белдеуі Фаэтон планетасы күйрегеннен кейін пайда болды деген болжам бар.

Жер тұрғындары үшін ең қауіптісі 10 шақырымнан аса диаметрі бар астероидтар. Алайда, қобалжуға негіз жоқ. Өйткені, мұндай көлемдегі аспан денелері осы уақытқа дейін Жер орбитасымен қиылысқан емес.

Астероидтар қауіптілігін өлшеу үшін Турин шкаласы қолданылады, ол бойынша 0-ден 10-ға дейінгі балл беріледі. Ноль саны қауіптіліктің жоқтығын білдірсе, он саны соқтығысу соңы цивилизацияның жойылуына әкеп соғатын қауіптілікті көрсетеді.

Астероид сөзі көне грек тілінде "жұлдызға ұқсас" деген ұғымды білдіреді. Ал осы атауды ойлап тапқан композитор Чарльз Берни.

 Егер техниканың дамуымен астероидтардағы платина, кобальт секілді басқа да сирек кездесетін минералдарды алып, оны Жерге жеткізе алса бұл үлкен табыс әкелері сөзсіз. 

 Ең үлкен  астероид "Церера" деген атқа ие. Оның формасы шарға келеді және диаметрі 1000 шақырымға жетіп қалады.

Марс пен Юпитер арасындағы астероидтар белдеуіне жататын барлық астероидтардың жалпы массасы Ай массасының 4% құрайды.

Астероидтардың өз мерекесі бар. 30 маусым ресми түрде Астероидтар күні болып есептеледі.

Метеорит, астероид және метеор – бұлардың барлығы да бір аспан денесі. Егер астероид Жер атмосферасына кірсе, ол метеор болып саналады. Ал жер бетіне жеткен астероид метероит деп аталады.

 Астероидтардың көпшілігінің құрамы тастан құралған, металлдардан құралғандары да бар. Металлдан құралғандары ауыр болып келеді де Жер атмосферасын қиналмай жарып өтіп, жер бетіне жете алады. Ал тастан құралғандары көбенісе атмоферада жанып кетеді немесе ірілеу болса жарылады.

Астероидтар белдеуіндегі барлық астероидтарды біріктіретін болса, онда диаметрі 1500 шақырымнан кем ғарыш денесі пайда болады. Ол Айдың жартысына да жетпейді.

Астероидқа оның орбитасы есептеліп болғаннан кейін ат қойылады. Астероид ашығаннан кейін ондаған жылдар өткеннен кейін ғана ат қойылған жағдайлар да кездескен.

2011 жылдың 8 қарашасында диаметрі 400 метрден асатын 2005 YU55 деген атауға ие астероид Жерден 324,6 мың шақырым қашықтықта ұшып өтті. Бұл Ай мен Жердің аралығының шамамен 85 % бөлігін құрайды.

АҚШ Конгресі 2005 жылы NASA алдына 2020 жылға дейін Жерге жақындап келе жатқан диаметрі 140 метрден асатын барлық аспан денелерінің 90% тапсырма қойды. Сондықтан да қазіргі кезде шағын астероидтарға онша мән бере қоймайды, барлық назар ірі астероидтарға аударылады

Әзірлеген Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ,

"Сыр бойы".




ТАНЫМ 31 қазан 2019 г. 325 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930