«Оскар» өз мәнін жоғалтпайды

1929 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «оскар марапаты» жылдан-жылға өркендеп келеді. Төрткүл дүние көз тіккен  марапатқа сапасы сын көтерер кино-картиналар ұсыналады. Қылыш ұстаған серінің бейнесі бейнеленген бұл жүлдені иелену үшін қаншама адам үздіксіз еңбек етері анық. Дизайнер Сердик Гиббонс сызып шыққан бұл эскиздің ерекшелігі артуда. Киногерлер үшін “Оскар” өз мәнін жоғалтпақ емес. Оскар — кино әлеміндегі бейнелілікті арттыру үшін ойлап табылған бірден-бір жетістік деп айтар едім.
 Осыған дейін үздік категорияларды тек ағылшын тілді туындылар алған еді. Санаулы күндер бұрын өткізілген  «Оскар 2020» марапатын Корея халқы өз қоржынына байлады. 2019 жылы түсірілген, комедия жанрындағы бұл фильм біраз жанның психологиясына параллелизм ұялатты. Жанарға күлкі, санаға күдік туғызатын бұл туындының ерекшелігі шындықты шыңғыртып жеткізуі. Расында да Корея елінде бай мен кедей түсінігі өте кең ауқымда таралған. Таптық бөлініс тайға таңба басқандай білініп тұрады. Салтанат құрған зәулім сарайда тұратын байсымақтардың, жертөле паналаған мүсәпірлерге көз алартып, көкірек керуі астыртын жеткізілген. Қоғамда болып жатқан мұндай проблемаларды мінсіз бейнеге айналдырып, әзіл-қалжың ретінде жеткізу ең алдымен режиссер шеберлігі. Халық көзайымына айналған фильмнің психологияға ауыр әсер еткені рас. Сондай-ақ кейіпкерлердің бойынан көрген дүнием олардың шынайылығы. Отбасы бақытын бауырмалдық махаббатқа ұластырып,татулық танытуы. Асқан шеберлікпен түсірілген фильм расында да жеңіске лайық.
Кино әлемінде мән-мағынасыз емес, осындай тың дүниелер көбейсе керемет болар еді.
   Айкерім   ӘЛІШЕР,
                                                                                Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 1-курс студенті.
ТАНЫМ 13 ақпан 2020 г. 114 0