САПАСЫ ЖАҚСЫ АЯҚ КИІМ ТАҢДАУ

САПАСЫ ЖАҚСЫ АЯҚ КИІМ ТАҢДАУҚысқы аяқ киімнің өз ерекшеліктері бар. Біріміз аяқ тоңбайтынын, енді бірі сәніне, яғни сыртқы келбетіне қарап, тағы біріміз сапасын тексеріп жатамыз. Теріден жасалған аяқ киім ауа өткізіп тұратындықтан, қан айналымын тұрақты ұстайды екен. Демек, ыстықта терлемейді, суықта тоңбайды. Аяқ киімнің тігісіне де мән берген жөн. Тігісі жатыңқы бір тегіс болуына назар салыңыз. Бұл кішкентай балақайлардың ата-анасына айтыл¬ған бірер ке¬ңес. Ал ересектер аяқ киім сатып аларда нені ес¬керген жөн? 
Бүгінде аяқ киім таң¬дауы өте көп. Қыс¬тық етіктер таңдау тіп¬тен қиын. Суық күндері табанды жылы ұстау қа¬жет. Сондықтан етік таңдайтын кезде ең бастысы табанының қалың болуына аса назар аударған жөн. Көк тайғақ мұзда тайғанамау үшін табаны бұдыр етік алған дұрыс. Сапалы етіктің табаны қатты емес, керісінше, жұмсақ болады. Ал жұмсақ табанды етік жүргенде адамға жайлылық сыйлайды. 
Сондай-ақ, аяқ киім таңдарда оның былғарысына да назар аударған жақсы. Қолға ұстағанда табиғи екендігі бірден сезіледі және ол жұмсақ болып келеді. Ал қыста таза былғарыдан тігілген етік сынғыш болмайды. Айта кетерлігі, сапалы етіктер мен жасанды материалдардан тігілген аяқ киімдердің ең алдымен тігісінен ажыратуға болады. Таза былғарыдан тігілген етіктің сырғымасының жанында тігісі көрініп тұру керек. Қандай материалдан тігілгені туралы мәлімет қонышында жапсырулы тұрады. 
Көп жағдайда арзан аяқ киім киіп таңертеңнен кешке дейін етікпен жүргендіктен, аяқ зақымданып, терлегеннен мүйізгектеніп кетіп жатады. Қыста жа-бық аяқ киім киетіндіктен, аяқтарымызды ешкім көр¬мейді-ау деп оған қажетті күтім көрсетпейміз. Көк¬темде аяқтарыңыздың жағдайынан ¬шошымайын десеңіз, қазірден бастап оған көңіл бөліп, күтім көр¬сетіңіз.
Бастысы, қыстық аяқ киімді мұқият таңдаңыз. Ол ыңғайлы, аяқты қыспайтын болуы керек. Сонда аяғыңыз да зақымданбайды. Аяқ киіміңіз табиғи былғарыдан болмаса, табиғи материалдан жасалған ұлтарақ салып не мақта шұлық киіңіз. Табиғи маталар теріңізге дем алуға мүмкіндік беріп, артық терлетпейді. Қыста аяқтарыңыз шамадан артық тер¬лейтін болса, оларды суық сумен шаюды әдетке айналдырыңыз. Ол аяқтың терлегенін басады. Суға түскен сайын кеуектаспен аяқты қырып жүріңіз. Оның алдында 5-10 минут аяқты суға жібітуді ұмытпаңыз. Осылайша аяқ терісін за¬қымдаулардан сақтайсыз. Осын¬¬дай дауадан кейін аяққа құ-ра¬мында Е дәрумені бар крем жағыңыз. Ол теріні сыртқы ор¬та¬ның жа¬ғымсыз әсерінен сақ¬тайды.
Аяқтан шығатын тер – мил¬лиондаған бактерия¬лар¬дың өмір сүру ортасы. Сондықтан олар¬мен күресу керек.
Ең алдымен аяқ киімді ауыстыру керек. Күн ыстықта табиғи материалдан тігілген ашық аяқ киім киіңіз. Тым құрығанда, ауыстырып киетін бір артық аяқ киіміңіз болсын. Ешқашан синтетикалық материалдан тігілген шұлық кимеңіз. Шұлықты күн сайын ауыстырып, жуып киіңіз. Аяқ киімді шешкен соң, оған арша жоңқасын салып қойыңыз. Сондай-ақ, цеолиті бар арнайы қаптаманы қолдануға болады. Аяқ киімнің ішін кем дегенде айына бір мәрте жуып тұрыңыз. 
Табанды күніне екі рет сабындап жуып жүру керек. Ұйықтар алдында қанжылым сумен міндетті түрде жуып жатқан дұрыс. Ванна қабылдағанда, табанды пемзамен уқалау қажет. Сода ваннасы аяқтағы иісті кетіруге көмектеседі. Ол үшін 2 ас қасық соданы 0,5 литр жылы суға араластырып, ваннадан соң аяқты қанжылым сумен шаю керек. Дәріханаларда сатылатын шуашқа қарсы антиперспирант қолданыңыз. Ол жоқ болса, ас тұзы мен жүгері крахмалын пайдалануға болады. 
Аяқты тұзды суға салып жуып, башпайлардың арасына содаға батырылған мақта тығып ұйықтаңыз. Бұл әдіс аяқтың тершеңдігін төмендетеді. Сондай-ақ шуашқа қарсы кремдер де сатылады. Адамның табиғи иісі он екі мүшесі сау болса ғана, жағымды болмақ. Денсаулығында ақауы бар адамның иісі сәйкесінше, жағымсыз болатыны жөнінде айтқанбыз. Жоғарыдағы тәсілдер көмектеспесе, дәрігерге қаралғаныңыз жөн болмақ. 

Интернет желісі бойынша
дайындаған 
Шынар БЕКБАН.


ТАНЫМ 21 ақпан 2017 г. 3 251 0