ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАСИЕТІ

62

0

ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАСИЕТІАдамзатқа Құран-кәрімнің түсе
бастаған мезеті қадір түні делінген. Асыл пайғамбарымыз: «Алла Қадір түнін
үмбетіме сый ретінде тарту етті, бұл бұрынғы үмбеттерге берілмеген” деп Қадір
түнінің қадірін білуге шақырған. Хадистерде: «Кімде-кім сауабын тек қана
Алладан күтіп, сол түнді ықыласпен, ғибадат жасаумен өткізсе, күнәлары
кешіріледі” дейді.

Ардақты Айша анамыз Қадір түнінде
«Уа, Алла, сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр” деп дұға оқыған. Бұл Қадір түнінің сыйын
дәметуші күллі мұсылманға үлгі болған амал. Біздің әрбіріміз Қадір түнінде
осылайша дұға оқып, Алланың шексіз мейірімінен медет сұрап, осы бір түнді
ғибадатпен өткізуіміз ләзім.

Алла тағаланың сәлемі мен игілігі
болсын, адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед Пайғамбарымызға алдыңғы үмбеттердің
көрсетілгендігі туралы хадистер де бар. Сонда Пайғамбарымыз Раббымнан: «Ұзақ
өмір сүрген осы үмбеттер жасай алмайтындай амалдарды менің үмбеттеріме аз
уақытта жасай алуды нәсіп ете гөр” деп дұға жасап, сұрағаны айтылады. Міне,
сондықтан да Жаратушы ие мың айдан да қайырлы Қадір түнін нәсіп еткен. Бұл
уақыт есепке жүгінгенде 83 жыл 4 айға тең екен. Ендеше, бүкіл өмірімізге
жететін сый-несіптен құр қалуға бола ма? Алайда Алла өзінің көркем есімдерінің
ішіндегі ұлық есімдерінің, қиямет-қайымның, өмірдегі ажалдың, адамдар
арасындағы әулиенің белгісіз еткені секілді Қадір түнінің де дәл қай күні
екенін айтпаған. Мұны сынақ әлеміндегі пенделерге ұдайы Алла разылығын іздеп,
құлшылық жасасын деген мақсаттан туған деп білеміз. Сонымен бірге ол шексіз
құдірет иесінің құлдарына деген рақымдылық қалауы болмақ. Ал, Пайғамбарымыз бұл
түннің рамазанның соңғы он не жеті күндегі тақ түндердің бірінде екенін айтып
кеткен.

Ендеше, «Алла алақаныңды бос
қайтармайды” дейді ислам ғұламалары, Қадір түнінің сыйынан құр қалмағанымыз
абзал, жамағат.

Д.АЯШҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз