ҒАЛАМ ҒАЖАЙЫПТАРЫ

93

0

Ұшқыр бәтіңке ойлап тапты

Американдық инженер Кихи Сеймур Bionic Boots бәтіңкесін ойлап шығарды. Бұл бәтіңке өзгесінен бөлек. Оны киген адам құстай ұшып жүгіре алады. Сағатына 40 шақырымды артқа тастай алады.

Мұндай жылдамдықпен велосипед мінген адаммен жарысуға әбден болады. Бәтіңкемен тек таспадай тізіл­ген тегіс жолмен ғана жүрмейсің. Кедір-бұдыр жерді де елең етпейсің. Қазір өнертапқыш өз өнімін жетілдіруді көздейді. Алдағы уақытта жылдамдығы сағатына 70 шақырымды құрайтын бәтіңке ойлап табуды жоспарлап отыр. Әрине, бұл болашақтың еншісінде. Әзірге бәтіңкенің аталмыш түрінің бағасы – 265$.

Қолмен қазылған жерасты жолы

Мексиканың
Эль-Пасо ауданындағы Мохаве шөлінде ерекше жер асты жолы (туннель) бар. Оның
осындай басқа орыннан ерекшелігі – ол қолмен қазылған.

Жерасты жолы­ның ұзындығы 2087 метрді
құрайды. Уильями Генри Шмидт есімін
шығармақ бо­лып, осындай әре­кет­ке барған. Бұл жұмысына 32 жылын жұмсаған.
Алғаш­қы­да бұл жайында еш­кімге тіс жармаған. Кейіннен бұл әрекетінің себебін
сұрағандарға «Қысқарған жол салмақпын» деп жауап қайырған. Бірақ, қай жаққа
жолды қысқартпақ? Бұл жайында тіс жара қойған жоқ. Аталмыш ауданда мекен еткен
тұрғындары оны есінен ауысқан деп ойлайды. Ол үнемі жалғыз өмір сүріп келеді.
Бұл адам осылайша жұмбақ күй кешіп отыр.

Ең ұзын және ең қысқа адамдар

Гиннесстің
рекордтар кітабының 60 жылдығына орай Англия астанасы – Лондон қаласында мере­ке­лік
шара өткізілді. Оған кітапта көрсетілген рекорд­шылардың түгелге дерлігі
қатысты.

Аталмыш шарада әлемдегі ең ұзын және ең
қысқа адамдар – түрік Сұлтан Кесен мен пепалдық Чандра Бахадур Данги жүзбе-жүз
жолықты. Олар әлемдегі ерекше адамдар болып табылады. Сұлтан Кесен есімі
кітапқа 2009 жылы жазылған. Бойының ұзындығы – 251 сантиметр. Данди
оған 2012 жылы енгізілген. Ол бар болғаны 64,6 сантиметр.

Ә.ТАЛАПТАН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз