ҒАЛАМТОРҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗГЕНДЕР

79

0

ҒАЛАМТОРҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗГЕНДЕРҒаламтордың соңғы
онжылдықта өте жылдам дамығаны сонша қазір
адамдардың онсыз тірлігі бітпейтіндей көрінеді. Оның орнын ештеңе баса
алмайды, ешқандай балама жоқ. Интернет білім алуға, жаңа затты білуге құштар
адамның немесе ермек етіп, көңіл көтергісі келетіннің шөлін қандыратын терең көл іспеттес.

Осы керемет құралды дамытқандар арамызда жүр. Және
олардың еңбектерінің арқасында біз саусақтарымызбен жай ғана түртуіміз арқылы бүкіл
әлем терезесін аша алатын деңгейге жеттік.

Біз сіздерге ғаламтор дамуына үлкен ықпал жасаған және
әсер еткен адамдардың тізімін таныстырмақшымыз.

Ларри Пейдж
және Сергей Брин – Google Inc.

Өз жұмыстарын достарының гаражында бастаған Стэнфорд
университетінің екі студенті интернеттегі ақпаратты іздейтін ең мықты жүйе
жасайды.

Google іздеу жүйесін дүние жүзінде ғаламтор пайдалану­шылардың
80% жуығы пайдаланады. Бірақ та Google-де тек іздеу жүйесі ғана емес, басқа да
пайдалы тегін қызметтері бар.

Дэвид Фило және Джерри Янг –
Yahoo! Inc.

Yahoo!-да Google сияқты Стэнфорд университетіндегі екі
студенттің туындысы. Бастапқыда сайттардың каталогы ретінде ашылған сайт іздеу
жүйелері дамымай тұрған кезде қолданушылар көп кіретін портал болатын.

Билл Гейтс – Microsoft

Уиллиам Генри «Билл” Гейтс III, американдық бизнесмен,
филантроп, әлемдегі ең бай адам және Майкрософт компаниясының басшысы. Билл
туралы көп айтуға болады. Бірақ, оның бір ғана дербес компьютерлер төңкерісі
кезінде танымалдылыққа ие болған кәсіпкер екенін айта кеткен жөн.

Стивен Пол Джобс – Apple
Inc.

Стив Джобс Apple корпорациясының негізін қалаушылардың
бірі, Pixar анимациялық студиосының бұрынғы атқарушы директоры.

Өткен ғасырдың 70-жылдары Джобс досы Стив Вознякпен ең
бірінші коммерциялық табысты дербес компьютерлерді жасап шығарып, бүгінде
танымал брендке айналған Apple өнімдерінің иесі атанады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз