БАС ХАТШЫНЫҢ БОЛМЫСЫ

129

0

…Иә, Леонид Ильич Брежневті үлкен саясаттағы әріптестері, дос­та­ры, тіпті «ләппай тақсырға” зар болып жүретін төңірегіндегі жағымпаздар да осылай деп атайтын. Мұндайда күллі әлемді уысында ұстап отырған Бас хатшының көңілі жай тауып, аса бір рахат сезіміне бөленуші еді.

Леонид Брежнев билік басына 1964 жылғы қазан пленумының шешімімен келді. Биліктен
Ники­та Хрущев аластатылды. Бұл сая­си шешім, бүгінгі тарихшылар пі­кірінше,
билік үшін тартыста әдейі ұйымдастырылған төңкеріс делінеді. Алайда, кейбір
тарих­шы­лардың пай­ымдауынша, әлем­дік саясатта ұр­да-­жық әреке­ті­мен,
жеңілтектігімен, үстірт ше­шімдерімен келемеж күл­кіге ай­налған, АҚШ секілді ұлы
дер­жаваның басшыларын қорқыныш пен үрейде ұстаған Хрущевтың биліктен ысырылуы
табиғи заңды­лық ретінде де бағаланады.

Леонид
Брежнев кеңестік импе­рияға тоқырау кезеңі деп аталған дәуірде басшылық жасады.
Бұл дәуір тарихқа «қырғи-қабақ» соғыс атауымен енген Кеңес Одағы мен АҚШ
арасында жанталаса қаруланумен жарысқан дүрбелеңге толы уақыт болды. Брежнев
билік құрған 1964-1982 жылдары Кеңес Одағының халқы мамыражай өмір сүрді.
Шындығын айтумыз керек, бұл тұтастай алғанда, бүкіл социализм дәуіріндегі елдің
мұң­сыз тірлік жасаған кезеңі еді. Теңгермешілік жүйеге құрылған жоспарлы эконо­мика
кемшілігіне қарамастан, халық­ты әлеуметтік кепілдіктермен қамта­масыз етті.
Ешкім «ертеңгі күнім қалай болар екен» деп алаңдамады. Бірақ, эко­номикадағы
құлдырау нақ осы кезеңде басталды. Ақыры кез кел­ген нәрсені жоспарлап бөлу ша­руашылық
салаларын тұралатып біт­ті. Аталған тақырып өзге әңгіменің өзегі болғандықтан
біз бүгінгі айт­пағымыздан ауытқымай, Бас хат­шы­ның жеке басының бол­мысына қа­тыстыларын баяндауды жөн көрдік.

Леонид
Брежнев өмірде, тіп­ті, қаласаңыз саясатта да өте қарапайым болды. Сол қара­пайымдылығы
оның ішкі сезімінің сыртқа шығуынан әрдайым көрініс беріп тұратын. Ол аң
аулауға, машина жүргізуге құмар еді. Бас хатшының кейін әртүрлі кеселге шалдығып,
ерте қартаюына әсер еткен көп факторлардың бірі ре­тінде қызы Галинаның әдепсіз
қы­лықтары себепші болғаны туралы көбірек айтылады.

Галина
Брежнева сән-салта­натты өмірге бейім болып өсті. Алтын, гауһар тастарға, әсем
бұй­ымдарға үйірсектігі, отбасына қа­тысты жеңіл желпі қадамдары туралы КГБ
арқылы жеткен де­ректер әке психологиясына қат­ты әсер етті. Бас хатшы іштей
күйзелді. Жүйкесі шаршады. Қызы полковник Чурбановқа күйеуге шық­қанда бас
хатшының көңілі жай тапты.


Міне, Галина осы жолы дұрыс істеді, – деп шаттанды Леонид Ильич. – Жігіттің
сұлтаны деп осыны айт, өзі полковник. Қайдағы ұшып-қонып жүрген әртістерге жа­бысқанша,
әлдеқашан осылай жасау керек еді…

Чурбанов
кейін генерал-пол­ков­­ник дәрежесіне көтерілді. Іш­кі істер министрінің бірінші
орын­­басары болды. Әрине, оның қыз­мет сатысымен өрлей көте­рілуіне Брежневтің
тікелей ық­па­лы болғаны шындық. Бас хат­шы қайтыс бол­ғаннан кейін Чур­бановтың
үстінен қылмыстық іс қозғалып ол 10 жыл­ға сотталды. Ал Ішкі істер министрі
Шелоков Брежневтің со­ғыс­тың алғашқы жыл­дарында Дне­пропетровскіде танысқан
досы еді.

Брежневтің ішкі сырын жасыра алмайтын
қарапайымдылығы, оның адамдарға деген аяушылық се­­зі­­мі оның қызметте ұзақ
оты­руының басты факторы еді. Кеңес Одағының идеологиясын ұзақ жыл басқарған
хатшы Михаил Суслов мемлекеттің бүкіл саяси стратегиясының бағыт-бағдарын
айқындап отырғаны та­рих­тан белгілі. Бірақ, Бас хатшы Сус­ловты тым
қазымырлығы үшін іштей жақтыра бермейтін. Сонымен бірге бұл сезімін кейде
сыртқа шы­ғарып та отыратын. Өмірде қа­ра­пайым Брежнев кезекті бір баян­дамасы
дайындалғаннан кейін кө­мекшілеріне:


Жігіттер, менің баяндамама Маркстен үзіндіні жиі келтіретін­деріңді байқап
жүрмін, – деді. – Осыны азайтсаңдар қайтеді. Халық менің марксизмді соншалықты
қат­ты оқымағанымды бәрібір біледі ғой…

Бұл Брежневтің шынайы сезімі еді. Себебі,
әрбір дайындалған ба­ян­дама Сусловтың талдау сүзгі­сі­нен өткізіліп, жөнделіп
барып бас хатшыға ұсынылатын.

Кеңес
Одағының Ауғанстанға әскер кіргізуі мемлекеттің сырт­қы саясатындағы үлкен қате
ше­шім болғаны туралы қазір көп ай­тылуда. Соғыстың аты соғыс. Оның алғашқы
жылдарында кеңес әс­керлері үлкен шығынға ұшырады. Осылардың барлығы, әлбетте,
қа­лың халықтан жасырылды. Же­келеген отбасыларына қорғасын табыттағы мүрделер
келіп жатқа­нымен, көпші­лік нақты жағдайдан бейхабар еді. Осындай ауыр сәт­терде
Брежнев зілбатпан ой үстінде жүрді. Саясатта абайламай жасаған қадамды әп-сәтте
жөндеу мүмкін емес. Ол уақыт өте келе жөнге келеді. Брежнев ауыр ой үстінде
түннің мезгілсіз уақытында бар ашуын өзінің майдандас досы, Ке­ңес Одағының
Қорғаныс министрі Дмитрий Устиновтен алды.


Дима, бл-дь… – деді ол ашудан жарылардай болып, – ты же говорил, что все это
на короткое время. Мы до сих пор воюем. Оказывается там много наших ребят
гибнут. Они же наши дети, внуки… – деп телефон тұтқасын қоя салады.

Брежнев
отбасымен саяжайға демалуға жиналады. Бас хатшының жұбайы үйінде жұмыс етігін
таба алмай шыр-пыры шығып жатқанда оған күзетшілері көмекке келеді. Үйдің
астан-кестені шығып жат­қанын байқаған Леонид Ильич мәсе­ленің байыбына көзі
жетіп, әйеліне:


Виктория, бұл жұмыс менің күзетшілерімнің міндетіне кірмейді. – Олар сенің
етігіңнің қайда жат­қанын қайдан білсін, – деп абыр-са­быр күйге түскен
көмекшілеріне тоқ­там салған көрінеді.

Осы
айтылғандар біздің ой­дан шығарғанымыз емес. Бас хат­шының бүгінде көзі тірі кө­мекшілерінің,
күзетшілерінің ол туралы жазған естеліктерінен алын­ған мысалдар.

Кремльдің
жаңа басшысы ке­ңес­тік идеологияға қатысты сая­сат­та түбірлі өзгерістердің
бол­ға­нын қаламады. Ол өзіне дейінгі
Сталинді қаралаған саясатқа үнсіз ғана тоқтам салды. Ішінара рынок
қатынастарына көшуді ұсынған Ми­нистрлер Кеңесінің төрағасы Алек­сей Косыгинді қолдамады. Леонид Ильич
асығыс қадамдарға бармады, экономика, елдегі әлеу­меттік, халық­аралық саясатқа
қатыс­ты маркстік-лениндік көзқа­рас тұрғы­сынан баға берілді.

АҚШ
пен Кеңес Одағы ара­сындағы бітіспейтін идеология май­данында қызу шайқас жүріп
жатты. Л.Брежнев спортты жақсы көретін. Жаңа бас хатшының би­лік дәуірінде
Кеңес Одағы спорттан әлемдік жетістіктің биік шыңына көтерілді. Хрущевтің ком­сомол
кадр­лары қудаланып жат­қанда, ол осы мектептен өткен Сергей Павловты КСРО-ның
спорт ко­ми­тетінің бас­шы­лығына та­ғай­ындады. Кейбір сая­сатшылар: «спорт
деген немене, енді қайда ба­ру­шы еді? Павловтың саяси ка­рье­расына балта
шабылды» деп күбірлесті. Қызғаныш пен іш­тар­лықтан туындаған мысық­ті­леу
пікірлерге қарамастан, ұлы дер­жа­ваның спорт шенеунігі жаңа жұ­мысына белсене
кірісті. Саланы 30 жылдай басқарды. Жақсы бас­қарды.

Брежнев хоккейді ұнатушы еді. Өткен ғасырдың
70-ші жылдары Ка­­­наданың кәсіби хоккейшілері әлем­­­дік додаларға
қатыспайтын. Ке­­­ңес Одағының құрамы әлемдік, олимпиадалық ойындарда же­ңім­паз
болғанымен, бұл жарыстарға ка­­надалықтар әдетте екінші құра­мын жіберетін. Ал
осы жолы спорт шенеуніктері Канада кә­сіп­қойларының нақ өздерімен кездесуді
ұйғарды. Екі ел арасында супер сериядан тұратын 8 матч өткізілетін болды.
Канадалықтар: «Әлемде кім күшті? Әрине, біз! Әуесқой хок­кейшілер біздің қолы­мызға
су құюға жарамайды», деп бөсті.

Орталық
Комитеттегі шенеу­нік­тер спорт басшыларын жан ал­қымнан алды. Әсіресе Сергей
Павловқа оңай тимеді. Кеңестің бас идеологы М.Суслов: «Мұндай кездесуді ұй­ым­дастыруға
неге келісім бер­дің? Осыдан ұтылып, масқара бол­саң, партиядан шығарыласың! Ау­ла
сыпырушы боласың!», деп жер­ден алып, жерге салды. Кеңес пре­мьері сабырлы
Косыгин: «ең болмаса масқара есеппен жеңілмей канадалықтарға лайықты ұтылсаңдар
болар еді», – деп Павловтың жігерін қай­рады. Павлов жеңіске жетті. Ка­надалықтардың
мысы басылды. Әріп­тестері кейін: «Сен бір дворникке жұмыс тауып бердің», – деп
әзілдеді.

Шын
мәнінде әуесқой хоккейді менсінбейтін канадалықтардың АҚШ-пен біріккен ұлттық
хок­кей ли­гасы өз құрамына әлем­дегі теңдесі жоқ шеберлерді топ­тастырған еді.
Ал спорт де­геніңіз үлкен саясат! Мұндай бә­секеде капиталистерге ұтылу,
әсіресе Брежневтің сүйіп көретін ойынында жеңілу мүлдем масқара!

Спорт
шенеуніктерінің маза­сы қашты. Абырой болғанда Ке­ңес құрамасының Харламов, Пет­ров,
Михайлов бастаған үштігі ер­лік жасады. Сегіз ойыннан тұ­ратын Канаданың
Ванкувер қаласында өткен алғашқы ойында кеңес құра­масы қарсыласын 7:3 есебімен
ойсы­рай ұтып, кеудесіне нан піскендерді жерге қаратты. Күтпеген, айтулы
жеңіске Брежнев балаша қуанды.

Социалистік
қоғамның ұран­шыл жүйесінде спорт саласында көтеріңкі міндеттеме қабылдау
үрдісі өз дәстүрінен жаңылған жоқ. Бас хатшының құрметіне 1972 жылы КСРО-ның
құрылғанына 50 жыл толуына орай «Олимпиададан – 50 медаль!» атты көтеріңкі
міндеттеме қабылданды. Абы­рой болғанда бұл көтеріңкі мін­деттеме асыра
орындалды. Ке­ңес спортшылары Мюнхен олим­пиа­дасынан 52 медальмен оралды.

Бас
хатшының жеке өмірде, үлкен саясатта болсын әр нәрседен секем алып, тырнақ
астынан кір іздеуі оның болмысына жат еді. Идеологияға басшылық жа­сап,
барлығын сүзгіден өткізіп оты­­ра­тын Суслов комунистік иде­алдарға қарсы
«әрекеттің» кез келгенінің алдын алып оты­ратын. 1971 жылы экранға Г.Дане­лия­ның
«Джентельмены удачи» фи­льмі шықты. «Қайдағы бір ұры-қарылар, қылмыскерлер! Со­циа­лизм
идеалдарына қайшы келеді!» Суслов фильмнің жарыққа шығуына тыйым салды. Ал осы
сәтте Брежневтің фильмді саяжайда көріп, күлкіден ес жия алмай жатқанын бас
идеолог қайдан біл­сін. Ақыры бас хатшының пәр­менімен фильм жарыққа шықты.
Жалпы Брежнев жаңадан шыққан фильмдерді бірінші болып өзі көруге тапсырыс беріп
отыратын. Жоғарыдан қолдау таппаған көп­теген фильмдер оның жеке рұқсаты
бойынша экранға жолдама алып жатты. Кеңестік дәуірдің өзінде сол заманның
кемшіліктерін коме­диялық тұрғыда астарлап болса да кейіпкерлер сөзімен
жеткізіп отыратын шығармашылық өкілдері біршама еркіндік алды.

Брежнев
Аркадий Райкинді ай­рықша құрметтеді. Оның астарлап айтқан әзіл-оспақтарын
түсінікпен қабылдады. Әйгілі әртістің Бреж­невпен тікелей телефон байланысы
болды деген әңгіме шындыққа әбден жанасады.

Әлемдік
деңгейдегі социалистік ұлы державаның бірінші басшы­сына саяси оқиғалардың күрт
өз­геруі салдарынан болатын түйінді мәселелерді шешу оңайға соқпады.
Қиын-қыстау сәттердің өзінде Бреж­нев күрмеуі күрделі түйіндерді ба­рынша
байсалды шешуге тырысып бақты. Бірақ лениндік идеологияға бағынған саясаттың
әдеттен тыс ша­раларға баруға мәжбүрлегені де шындық.

1968
жылы Чехославакияда бү­­­лік шықты. Елге Кеңес әскері ен­гізілді. Іле-шала
шекара дауы бой­ынша Даманск бекетінде екі социалистік ел – Кеңес Одағы мен
Қытай арасында қарулы жанжал болды. 31 Кеңес шекарашы қаза тап­ты. Сол жылдары
Кеңес Одағы мен Чехославакия хоккейшілері мұз айдынында әлем тәжі үшін тар­ты­сып,
аралық ойындарда кеңес құрамасы екі мәрте жеңілген еді. Сол жылдары
Чехославакия құра­масының шабуылшысы Недо­мански кеңес құрамасы үшін та­жалға
ай­налды. Ел арасында сол кезеңде: «Ке­ңес Одағының екі проблемасы бар, бірі –
Недомански, екіншісі – Дамански» деген секілді әзіл-шыны аралас әңгіменің
таралуы тегін болмаса керек.

Өткен
ғасырдың 70-ші жылдары идеологтарды Солженициннің «Гулаг» романы біраз
дүрліктірді. Әдетте тырнақ астынан кір іздеп, әр нәрсеге тықыршып шұқшия
беретін Сусловқа тоқтам салатын сабырлы бас хатшы осы жолы төзімі таусылған
болуы керек, шорт кесті. «Бұл социализмді, Ленин құрған жүйені қорлау ғой», –
деді ол әріптестеріне ойын ашық сездіріп. Бас хатшы айтты, бітті. Жазалау
механизмі әп-сәтте іске қосылды.

Брежнев
АҚШ президенті Картэрмен жақсы қарым-қатынаста болды. Бұл екі ел арасындағы салқындықты
жұмсартуға сеп­ті­гін тигізді. Соның өзінде Ке­ңес Одағында еврейлердің эми­грациясына
тыйым салынған деген желеумен бас хатшының алдына осы мәселе көлденең тартыла
бе­ретін. Ол осы жолы саяси қулыққа барды. Сусловқа:


Осыларды тынышталдырсақ қайтеді? Мысал үшін, ескі еврей тілінде апталық газет
шығарсақ…Ол тілді бәрібір ешкім түсінбейді ғой» – деді Брежнев, тұйықтан жол
тапқандай болып.

70-ші жылдардың соңында
Бас хатшының денсаулығы мықтап сыр бере бастады. Ол тіпті түнді ұй­қысыз
өткізетін болды. Бірінші бас­шылардың денсаулығына жауап бе­ретін министрліктің
төртінші бас­қармасының бастығы Е.Чазов осы қызметке КГБ төрағасы Юрий
Андроповтың жеке ұсынысымен та­ғайындалған еді. Осылай болуы заңдылық еді. Ұлы
империяның бі­рінші басшысының денсаулығына жауап беретін дәрігер барлық жа­­ғынан
кіршіксіз таза болуы керек. Қызметке тағайындалар ал­дында Брежнев оған: «менің
ал­дымда болғандардың барлығы «қым­батты Леонид Ильич, сіздің сеніміңізді
ақтаймын» – деп құрдай жорғалағысы келіп тұрады. Ал сен ештеңе айтпадың, сол
үшін қызметке тағайындалдың», – деді ризашылық сезімін жасыра алмай.

Үлкен саясатта пендешілік
тұр­­ғысында, әдетте билік үшін тар­тыста кейбіреулердің «бай­қа­май” сыр
алдырып қалатыны бар. Брежнев 70-ші жылдардың соңына қарай ауруханада жиі жатып
қала­тын болды. Осы уақытта Ке­ңес Ода­ғының басшылық элита­сындағы екін­ші
тұлға – Жоғарғы Кеңес Пре­зидиумының төрағасы Николай Под­горный бас хатшының
көңілін сұрап, жиі келгіштейтін болып ал­ды. Ол тіпті Брежневтің халін аса бір
қызығушылықпен сұрағыштай беретін. Билік үшін тартыста белгілі топтардың ара
салмағын жіті бақылап отырған КГБ төрағасы Ю.Андропов Подгор­ныйдың осалдығын
оңтайлы пай­да­лана білді. Л.Брежнев Под­гор­ныйды зейнетке шығарып, екі
қызметті қоса атқаратын болды.

Л.Брежнев 1982 жылдың
қара­ша айында қайтыс болды. Оның орнын саяси қарсыластарын алдын ала бас
көтертпейтіндей етіп жан­шып тастаған Юрий Андропов басты.

***

ДЕРЕККӨЗДЕРІ: Ресей та­рих­шылары:
Л.Ивашовтың, А.Ко­­лес­никтің, С.Кудряшовтың жә­­не басқаларының деректі әң­гі­­мелерінен
сұрыпталып дай­ындалды.

 

Жолдасбек АҚСАҚАЛҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз