Есентемір баба кесене саябағы

89

0

Есентемір баба кесене саябағыСенбінің шуақты күнінде Сырдария ауданы Шаған ауылында Есентемір бабаға арналған кесене ашылды. Кіші архитектуралық форма кешені болып бой көтерген ескерткіш маңайынан көк майсалы демалыс саябағы да орын тепті.

Бабаларымыз ата-текті бөлмек үшін емес білмек үшін сұраған. Арғы тарихты қазбаламай-ақ, бергі кезеңді зерттеуші кез келген ғалым, тарихшы руларға, ру аралық қатынастарға соқпай өтпейді. Өйткені, ол – өткеніміз, ата-тегіміздің анықтаушысы.

Салтанатты рәсімге Сырдария ауданы әкімі орынбасары Б.Лекеров, «Байтақ” ҚҚ президенті Н.Мақашов және еліміздің түкпір-түкпірінен баба ұрпақтары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Қазақтың ұлан-ғайыр даласында отауызды, орақ тілді шешендер, сөз маржанын терген ақын-жазушылар, қол бастаған батырлар мен ел қостаған билер болған. Сондай тарихи тұлғалар қатарындағы Есентемір руынан шыққан Бөкен би, Көктаубай, Мыңбай батырлар, Есбай күйші, Досжан ақынның есімдері де ел жадында. Осыдан екі жыл бұрын Есентемір Бөкен биге арнап қасиетті Атырау жерінде үлкен ас беріліп, ескерткіш кесене орнатылған еді.

Кесене
қараша үй формасында жасалған. Қасбетіне Қыдырқожа баба, Есентемір баба, Бөкен
бидің есімдері қашалып, бейнелері бедерленген. Айналдыра «Он екі ата Байұлы”
балаларының рулары мен ұрандары жазылып, таңбалары белгіленген.

Ескерткіш кешенді ашуға ұйытқы болған Қ.Пірім­жанов:
«Өскелең ұрпаққа үлгі болсын деген ниетпен ашылған «Он екі ата Байұлы”
ұрпақтарына арналған белгі – баршамызға ортақ мұра. Бүгінгі ұрпақтың үнін
болашаққа жалғайтын бұл ескерткіштің жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу ісінде
алатын орны ерекше деп білеміз. Ұлы бабаларын ұлықтай білетін ұрпақтары бар
елдің даңқы да арта берері даусыз” – дейді.

Бабаларға құрмет көрсету, тағзым ету, рухын ұлықтау
арқылы елдің бірлігі артып, азаматтарының рухани биіктігі асқақтай берері
сөзсіз. Жиында баба рухына құран бағышталып, ас берілді.

Нұрбек Дәуренбеков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз