Facebook-те енді 3D жазумен жазуға болады

53

0

Соңғы кездері Facebook әлеуметтік желісі түрлі жаңалықтарымен, өзгерістерімен өз оқырмандарын және тұтынушыларын таңғалдырып келеді. Солардың бірі қолданушылардың пост салған кезде оны түрлі түс қағаздармен әрлеуіне болатын мүмкіндік жасауы. 
Ал енді жаңадан жасалған бағдарлама gITF 2.0 жүйесімен жұмыс жасайтын, 3D жазумен жазуға болатын мүмкіндік беріп отыр.
«Біз жақында ғана 3D-пост бағдарламасын іске қостық. Бұл бағдарлама арқылы қолданушылар жазған посттарын жан-жағынан көре алады, аударып қозғалталады», – деп хабарлады әкімшілік.
Марк Цукерберг өзінің өзгерістері бойынша жұмыстардың әлі де жалғасатынын, алгоритм мәселесінің де ендігі пайдаға аса бастағанын атап өтті.

Дереккөз: massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз