ТАРИХТА ОСЫ КҮНІ

82

0

1564 жылы – Жаңғыру дәуірінің ұлы ойшылы, физик, астроном, жаратылыстанушы Галилео Галилей дүниеге келді. 1642 жылы қайтыс болған. Галилей өзі ойлап тапқан телескоп арқылы Айдың жүзін зерттеген, Юпитердің 4 серігін ашқан, Күннің бетінде дақ бар екенін анықтаған, дүниенің Күннің маңына шоғырланғаны туралы Коперниктің ілімін табанды қолдаған. Сол үшін 1633 жылы инквизиция сотына тартылған. 359 жылдан кейін (1992 жылы)Рим Папасы Иоанн Павел ІІ инквизиция сотының шешімін қате деп тауып, Галилей ақталып шықты.

1906 жылы – татардың жалынды ақыны, Кеңес Одағының Батыры Мұса Жәлел дүниеге келді. Фашистік түрмеде жазылған атақты “Моабит дәптерінің” авторы. 1944 жылы дарға асылды.

1907 жылы – қазақтың көрнекті тілші-ғалымы Ісмет Кеңесбаев дүниеге келді. «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» – ғалымның  ана тілімізге орнатып кеткен  ерен ескерткіші.

1914 жылы – қазақтың көрнекті актері, театр және кино режиссері Шәкен Кенжетайұлы Айманов дүниеге келді. Ұлы ағылшын драматургінің кейіпкерлерін («Отелло», «Асауға тұсау») үздік бейнелеген әлем актерлері қатарында Ұлыбританиядағы Шекспир фестиваліне шақырылған. Кинодағы таңдаулы туындысы – «Атаманның ажалы» (1970) фильмі. Мәскеуде 1963 жылы өткен Халықаралық фестивальдің жюри мүшесі ретінде танытқан табандылығымен де танымал болған. Партия органдарының қысымына қарамай, Бас жүлдені итальян режиссері Федерико Феллиниге беруді жақтап шыққан.

1915 жылы – қазақтың тамаша тарихшысы Ермұқан Бекмаханов дүниеге келді. Кенесары Қасымовтың ұлт-азаттық көтерілісі жөніндегі зерттеу еңбегі үшін  кезінде нақақ жазаланған. 1966 жылы қайтыс болды.

1934 жылы – Мәскеуде екпінді колхозшылардың бүкілодақтық бірінші съезі басталды.

1989 жылы – Совет әскерлері Ауғанстанды тастап шықты.

 

«Адамзат күнтізбесі» кітабынан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз