
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің имамдары шәкірттерімен бірге қарт аналарға құрмет көрсетті. Нақтырақ айтар болсақ, ауруханада ем алушы аналарды мерекемен құттықтап, арнайы сый-сияпаттарын табыстап, баталарын алды.
Қазақ қашанда үлкенді құрметтеп, жабырқағанның жанынан табыла білген халық.
Осындай игілікті шаралардың қашанда басы қасында жүретін мешіт имамдары мен шәкірттері үлкендердің батасын алып қана қоймай, өзгелерге үлгі бола білді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт –Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
мешітінің баспасөз қызметі