Губернатор сыйлаған күміс құты

Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылында Ыдырысовтар әулетінде ғасырдан аса тарихы бар құты сақтаулы тұр. Құтының сыртында «Оть Туркес­танского генераль-губернатора. 1882 г.» деген жазу қашалып жазылған. Сырты күмістен жасалған ыдыстың ішіне алтын жалатылыпты. Сондай-ақ, «Грачевь» деген жазу бар. Бұл ұстаның тегі болса керек.
– Сонау 1932 жылғы ашар­шылықта ел бас сауғалап жоғарыға үдере көшкен кезде үлкен атамыз бен әжеміз қызын амалсыздан балалар үйіне өт­кі­зіп жіберген екен. Бір таң­да­нар­лығы, ­баласын қал­дырса да өзімен бірге көне жібек шапан мен алтын жалатылған құтыны тастамапты. Ташкентке барғанда да сатпай, елге қайтып әкелген, – деді қара­шаңырақтың келіні, ақ жаулықты ана Әсия Хамзақызы.
Бұл күнде төрінде сақтаулы тұрған жібек шапан сол күн­дерден естелік болып қалды. Ал, алтын жалатылған құтыдан әрбір мереке сайын әулет мүше­лері жиналып, ырымдап су ішеді.
Суретті түсірген
Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.
Дәулет ҚЫРДАН.
Тарих 19 наурыз 2019 г. 1 879 0