Ерлікті ұлықтау –   ұрпақтар міндеті

Ерлікті ұлықтау – ұрпақтар міндеті

Екінші дүниежүзілік соғыстың оты шарпымаған отбасы жоқ шығар, сірә. Жүректерге соғыс салған жара, көңілдегі нала жазылған жоқ, жанардағы жас құрғады дей алмаймыз. Талай ердің жас ғұмырын жалмаған, талай ананы жесір, баланы жетім қалдырған зұлмат күндер біздің де әулетті айналып өтпепті. Әкемнің үлкен ағасы Мәжит Шәкірбайұлы жиырмаға енді аяқ басар жалындап тұрған шағында майдан шебіне аттанады. Содан 1943 жылдан бастап ешқандай хабар-ошарсыз кетеді. Артында ізі қалмайды, жерленген қабірінің қайда екенін де білмейміз. Бұл үлкен қасірет екен.
Тарих 15 маусым 2019 г. 1 077 0
Сақтардың қонысы табылды

Сақтардың қонысы табылды

Былтыр жазда Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауынан тоналмай, бүтін күйінде сақталған Алтын адам табылған еді. Енді, міне, тура бір жыл өтер-өтпес уақытта, нақ­тырақ айтсақ, 9 маусым­да облыс орталығы – Өскеменнің іргесіндегі Ұлан ауданы аумағындағы қола дәуіріне жататын Ақбауыр үңгірінің жанынан сақтардың қонысы табылды.
Тарих 12 маусым 2019 г. 353 0
Тәжі палуан

Тәжі палуан

Өткенсіз бүгін, бүгінсіз болашақ болмасы аян. Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің  табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деген жолдарды ой жібере оқып, зердемізге тоқып жүрген жайымыз бар.
Тарих 01 маусым 2019 г. 1 730 0
Қаралы күндер   тарихы

Қаралы күндер тарихы

Ел тарихында миллиондаған азаматтың өмірін қиған қасіретті оқиғаларды білеміз. Олардың бірі – 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық.
Тарих 30 мамыр 2019 г. 1 141 0
Қышқаладан сегіз қырлы ғимарат аршылып алынды

Қышқаладан сегіз қырлы ғимарат аршылып алынды

Сыр өңіріндегі Қышқала қалашығынан ерекше сәулетті сегіз қырлы көне ғимараттың орны аршылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тарих 28 мамыр 2019 г. 1 006 0
Жанәбіл атаның жәдігерлері

Жанәбіл атаның жәдігерлері

 Аралдағы Ақбай ауылында тұратын Жанәбіл ұстаны көпшілік жақсы таниды. Ағаштан түйін түйетін ақбайлық шебердің қолынан шыққан дүниелерін ауылдастары қызыға тамашалайды. Мұндай өнермен зейнет жасына жеткен соң айналыса бастаған Жанәбіл Әбдешов бүгінде немерелері қалаған дүниелерді ойындағыдай етіп жасап береді. Қазіргі таңда ағаш ұстасының ескі моншасы мұражайға айналған. Еңкіш тартқан ескі сарайға бас сұқсаңыз, қолдан шыққан көп дүниеге кезігесіз. Елдегі сәулеті келіскен архитектуралық нысандардың ағаш түріндегі шағын пішіні соның ішінде. Қазақ батырларының түрлі қару-жарақтары да сол күйінше қолдан қашап жасалынған.
Тарих 21 мамыр 2019 г. 1 294 0
Күрескер

Күрескер

 XIX ғасыр аяғы XX ғасыр басында қазақ елінде Петербург, Мәскеу, Омбыда оқып, білім алған саяси санасы оянған жалынды жастар өсіп шықты. Оның қарсаңында Ресейде түрлі қоғамдық қозғалыстар жүріп, саяси партиялар пайда болды. Ол әлеуметтік, ұлттық, азаттық, теңдік мәселелерін көтерді. Батыс елдердегі сияқты Ресейде де жеке басшылық тәр­тібін (билігін) тізгіндейтін конгресс, парламент сияқты ха­лық қатысуы мен сайланған депу­таттар кеңесі - мемлекеттік Дума дүниеге келді. Дума депутаттары арасында пат­ша­лық жүйені қолдайтындар да және оған қарсы әр ұлттың өз билігі өзінде болуын жақ­тай­тындар да болды.
Тарих 19 мамыр 2019 г. 1 007 0

Сыр руханиятының тарихи бастаулары мен қалыптасу жолдары

Әлем тарихы бүгінгі таңда бұрын­ғыдай батыс елдерінің мүдделері тұр­­­ғысынан ғана емес, ғаламдық өр­­ке­­ниеттер ошағы болған шығыс халық­­тарының тарихтағы орны мен рөлін қаперге ала отырып, қайта зер­деленуде.
Тарих 30 сәуір 2019 г. 1 324 0
Губернатор сыйлаған күміс құты

Губернатор сыйлаған күміс құты

Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылында Ыдырысовтар әулетінде ғасырдан аса тарихы бар құты сақтаулы тұр. Құтының сыртында «Оть Туркес­танского генераль-губернатора. 1882 г.» деген жазу қашалып жазылған. Сырты күмістен жасалған ыдыстың ішіне алтын жалатылыпты. Сондай-ақ, «Грачевь» деген жазу бар. Бұл ұстаның тегі болса керек.
Тарих 19 наурыз 2019 г. 1 959 0
БАЛА ТЫНЫМБАЙ МЕН ДОСБОЛ БИ

БАЛА ТЫНЫМБАЙ МЕН ДОСБОЛ БИ

Тынымбай би 1842 жылдың шамасында дүниеге келген. Жалағаш топырағында туған Тынымбай би туралы ел аузында әңгімелер көп-ақ. Соның бір-екеуі былай айтылады.
Тарих 09 ақпан 2019 г. 2 327 0