Сыйлық іздеп жүрсіз бе?

 Жақыныңның қуанышын бөлісу, сыйлық сыйлау да бір ғанибет. Кейінгі кездері сыйлық іздеуді қиынсынатын болдық. Алайда, сыйлықтың жөні бөлек.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі биылғы жылдың наурыз айынан бастап сыйлық сертификатын бере бастады. Сертификат сомасы 5 мыңнан басталып, әрі қарай шектеусыз жалғаса береді. Сыйлық сертификаты көпшілік көңілінен шыққанға ұқсайды. Себебі, тойларға ақшалай сый бергеннен банктен депозит ашып берсеңіз, бұл ең керемет сый болары анық.
– Тойларда конвертке ақша салып апарғаннан гөрі, банктің сыйлық сертификатын апарсаңыз, той иесі баннке келіп, депозитті өзінің атына аударып алып, әрі қарай ақша жинауына болады. Кейін баспана, жер немесе үй жөндеу жұмыстарына пайдаланса болады. Бір сөзбен айтқанда, жақыныңызға сертификат сыйлау арқылы алдағы уақытта баспаналы болуына алғашқы қадамын бастағаныңыз, – дейді банктің жергілікті филиалының бизнесті дамыту бөлімінің І санатты  маманы Мархаббат Сынасапова. 

Гүлмира Ділдабекова,
"Сыр бойы".
ЖАРНАМА 24 қазан 2019 г. 458 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930