БАЙҚАУ

103

0

Журналист
Сахитжан Бермағанбетов атындағы сыйлық туралы

ЕРЕЖЕ

 

Жалпы ереже

1. Жас журналист Сахитжан Бермағанбетов атындағы сыйлықты иеленушілерге
арналған «Ең үздік жас журналист» байқауы облыстық деңгейде ұйымдастырылады.

2. Байқаудың үйлестірушісі және ұйым­дастырушысы Қызылорда облыстық ішкі
саясат басқармасы және «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігі.

Байқаудың
мақсаты

3. Жас журналистердің шығармашылығының дамуына қолдау көрсету.

4. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.

Байқаудың
тақырыбы

5. «Қазақстанның жүрегі –
Астана».

Байқауды
ұйымдастыру және оған қатысушыларға қойылатын талаптар

6. Байқауды ұйымдастырып, өткізу мақса­тында Қызылорда облыстық ішкі
саясат басқармасы жанынан Ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру
комитетінің құрамын Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы
бекітеді.

7. Байқау 2014 жылғы 10 мамыр мен 13 мау­сым аралығында жарық көрген
жарияланымдарды, эфирден өткен хабарларды қамтиды.

8. Байқауға жасы 30-ға дейінгі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс
істейтін тілшілер мен тәуелсіз қаламгерлер қатыса алады.

9. Байқау материалдары жарияланған күйінде (газет-журналдар беттерінде,
бейне және аудиотаспалар түрінде) тиісті баспа және электрондық бұқаралық
ақпарат құралдары жетекшілерінің ұсынысы бойынша қабылданады.

10. Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың өзектілігі және
маңызы, мазмұнының ашылу тереңдігі, шынайылығы, жанрлық шарттарға сәйкестігі,
жаңа әдіс, соны стильді қолданысқа енгізе білуі, тілі және стилінің
ұғынықтылығы, журналистік шығармашылық әдістерінің ерекшелігі, тың ақпаратты
сараптау мен зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі, ұтымды қолдана білуі
есепке алынады.

11. Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комитетіне (Қызылорда қаласы,
Сұлтан Бейба­рыс көшесі, нөмірсіз, Қызылорда облысы әкім­дігі ғимаратының
№314-бөлмесі, байланыс телефоны: 60-53-21) мынадай құжаттарды қоса жібереді:

1) төмендегі деректер көрсетілген өтініш:

– автор туралы мағлұматтар /туған жері, күні, айы, жылы, ұлты/;

– жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары.

2) байқау материалы жарияланған газет, журналдың көшірмелері (сканер
арқылы), теле-радио бағдарламалардың DVD, CD форма­тындағы дискілерге жазылған
нұсқасы (қағазға түсірілген нұсқасымен бірге).

12. Байқауға жіберілген материалдар автор­ларға қайтарылмайды.

13. Байқауға ұсынылған материалдарды қазы­лар алқасы бағалайды. Қазылар
алқасының құрамы Ұйымдастыру комитетімен анықталады.

Байқауды
өткізу және

қорытындысын
шығару тәртібі

14. Байқау үш кезеңнен тұрады:

1) 2014 жылғы 15 мамырдан 14 маусымға дейін – байқауға қатысушылардан
материалдарды қабылдау;

2) 2014 жылғы 16 маусымнан 25 маусымға дейін – материалдарды сараптау
және жеңім­паздарды анықтау;

3) 2014 жылғы маусым айының соңғы аптасы – байқау жеңімпаздарын
салтанатты марапаттау рәсімі.

15. Байқау жеңімпаздары
Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан дипломмен, арнайы сыйлықтармен
марапатталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз