Мерекелерге ақшаны қайдан алуға болады?

72

0

Мерекелерге ақшаны қайдан алуға болады? Көп ұзамай біз жаңа жылды тойлаймыз. Сыйлық дайындау, іздеу және қысқы демалысты қалай өткізу керектігін ойлаумен жыл сайынғы дүрлікпе басталады. Жалпы айтқанда, көп шығын күтіп тұр, бірақ әдетте ойлағанымызды іске асыру үшін қажетті барлық сома қолымызда болмай қалады. Әрине, таныстардан қарыз ала тұруға болады, бірақ мерекелер қарсаңында достар мен туыстар тура осы жағдайды бастан кешеді. Ал банктен кредит ресімдеу нұсқасы, артық төлеу пайызының жоғары болғандығынан көпшілік одан қашады. Сондықтан Банк ВТБ (Қазақстан) өз клиенттерін қуантуға бел буды және осы мереке алдындағы кезеңде кредиттердің мөлшерлемесін төмендетуге шешім қабылдады.
Банктің жаңа жыл қарсаңындағы акциясы 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады, және қамтамасыз етілмейтін тұтынушылық кредит қана емес, сонымен бірге қомақты сома алуға болатын, жылжымайтын мүлік кепілге қойылатын қарыздар да арзандады.
– Бүгін Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғаларға арналған кредиттік өнімдердің толық желісін ұсынады, олардың ішінде ең танымалы – «Қолма-қол ақшалай кредит» және «Кепілді тұтынушылық кредит», біз дәл осылардың мөлшерлемесін төмендеттік, – дейді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Қызылордадағы филиалының директоры Роман Цой. – Кепілді қарызды теңгемен, жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы 50 000 000 теңгеге дейінгі соманы 12 айдан 10 жылға дейінгі мерзімге, кредитті төлеу қабілетін бағалаусыз қарастыру мүмкіндігімен алуға болады. Қолма-қол ақшалай кредит 5 000 000 теңге немесе 700 000 ресей рубліне дейінгі көлемде ұлттық валютада 5 жыл немесе ресей рублінде 4 жыл мерзімге беріледі. Бұл өнімнің артқышылығы кепіл, кредитті қарастыру үшін комиссия және сақтандыру жоқ.
Жаңа акцияның аясында Кепілді тұтынушылық кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3%, ал «Қолма-қол ақшалай кредит» жылдық 4% төмендетілді. Бұл ойға алғанның барлығын іске асыру үшін тамаша мүмкіндік! Жақындарымызға жақсы сыйлықтар сатып алу, балаларға естен кетпес демалыс ұйымдастыру, автокөлік өзгерту, әсіресе егер ескі автокөліктің пеші істен шыққан болса және т.с.с. Жалпы алғанда, өзіңізге және жақындарыңызға нағыз мереке жасау!
Банк  ВТБ (Қазақстан) өз клиенттеріне барынша жақсы демалыс тілейді және ыңғайлы қызмет көрсету шарттарын ұсынады: қарыз алу үшін үйден шықпай-ақ, жай ғана банк сайтында орналасқан нақты нысанды толтырып, алдын ала өтініш беруге болады, мұнда кредит калькуляторының көмегімен қарыз бойынша ай сайынғы төлемдердің болжамды сомасын есептеуге болады.
«Мөлшерлемелер төмендетілген» акциясы бойынша егжей-тегжейлі кеңесті Сіз Қызылорда қ., Абай даңғ., 58 үй мекен-жайы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ кеңсесінде немесе ұялы телефоннан 5050 нөміріне телефон шалу арқылы алуыңызға болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз