Өнімді каталогтау жүйесі

187

0

ҚР 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II «Техникалық реттеу туралы» Заңының  25-1 бабына сәйкес, Өнімді каталогтау Жүйесі жұмыс істейді.
Өнімнің каталог парағы- бұл нақты өнім туралы: оның атауы, өндірушісі,оның талаптары бойынша өнім дайындалатын стандарттау бойынша нормативтік құжат және осы өнімнің негізгі тұтынушылық сипаттамасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік беретін бірегей реквизиттер жиынтығын қамтитын құжат.
Өнімнің каталог парағы бір нормативтік құжат бойынша шығарылған бір немесе бірнеше нақты бұйымдарға:маркалар, типтерге толтырады. Әртүрлі нормативтік құжат бойынша шығарылған өнімнің бірнеше түріне бір ӨКП толтыруға болмайды.
Өнімді каталогтау жүйесі техникалық реттеу субьектілерін отандық өнімнің дайындаушысы мен сипаттамасы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Өнімді каталогтандыру жүйесі жүргізудің негізгі міндеттері:
– мүдделі мемлекеттік органдарды, заңды және жеке тұлғаларды ҚР өндірілген өнім туралы, оның негізгі сипаттамалары, өнімді шығарушы туралы ақпаратпен, қолданылатын нормативтік техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;
– шығарылатын өнімді есепке алу және жаңа өнімге қажеттілікті анықтау;
-өнімнің тиімді номенклатурасын қалыптастыру және оны жобалауға, сатып алуға және техникалық қызмет көрсетуге мемлекеттік шығынды азайту;;
– ҚР шығарылатын өнім каталогын қалыптастыру және жаңарту.
Өнімнің каталог парағының стандартты формасы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 291 «Өнімнің каталог парағының формасын бекіту туралы Бұйрығымен бекітілген.
ӨКП фомасымен және оны дұрыс толтырумен танысу үшін, тәжірибелі мамандар каталогтандыру саласындағы барлық сұрақтарға жауап беретін және оны ары қарай тіркеу мақсатында мемлекеттік және орыс тілдерінде ӨКП толтыруға көмектесетін «КазСтИн» РМК филиалдары мен өкілдіктеріне өтініш білдіруге болады.
Өнімді өндіруші кәсіпорынның нақты мекен-жайына қарай ӨКП ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің жанындағы Техникалық реттеу және метрология Комитетінің аумақтық Департаменттері жүзеге асырады.
ӨКП тіркеу үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған қағаз және электрондық нұсқада тапсырылады.Өнімнің каталогтық құжатының дұрыстығы мен дұрыс толтырылғаны тексерілгеннен кейін, Департамент оны тіркеу немесе тіркемеу туралы шешім шығарады. Кез келген жағдайда дайындаушы-кәсіпорынға бұл туралы хабар беріледі.
Өнімді каталогтау жүйесіндегі тіркеуге жатпайтыны:1) өнімнің тәжірибелік үлгілері, өнімнің белгіленетін сериялары; 2) бірлі-жарым өнім, авторлық құқық обьектілері, сувенирлер, өнімнің құрамдас бөліктері.
Өнімді каталогтау жүйесіндегі тіркелетін өнімді өндірушілер, қағаз және электрондық нұсқада өндірілетін өнімі туралы өнімнің каталогтық құжатын өкілетті органға тапсырады. ҚР аумағында шығарылатын өнім туралы ақпарат  өнімнің каталогтық құжатында СТ РК 1.11.сәйкес ұсынылады.
Өкілетті орган каталог парағын алғаннан кейін он күн ішінде каталог құжатының дұрыс толтырылуын және онда көрсетілген ақпараттың нақтылығын тексереді, кемшіліктер анықталмаған жағдайда шығарылатын өнім туралы мәліметті өнімді каталогтандыру жүйесіне енгізеді және каталогтық құжатта көрсетілген өндірушінің электрондық поштасына тіркеу нөмірін көрсете отырып,өнімді каталогтандыру жүйесіне енгізілгені туралы және каталогтық құжат дұрыс толтырылмау жағдайы анықталған жағдайда тіркеуге жатпайтыны туралы хабарлама жібереді.
Нұржамал ЖАЛҒАСБАЕВА, 
«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда филиалының маманы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз