100 жастағы қызылордалық кейуана қайтадан жасарып келеді

59

0

100 жастағы қызылордалық кейуана қайтадан жасарып келедіҚызылордада 100 жастағы кейуана Раушан Ағыбаеваның тәні бүгінде қайтадан жасарып жатыр екен. Ғасыр жасаған қария шашының түсі қарайып, жаңадан тіс шығып жатқанын айтады, деп хабарлады «31 арна».
Жақында ғана жүз жасқа толған әжейдің бүгінде екі тісі толықтай жаңадан шығыпты. Қайта жасарып келе жатқан сияқтымын деген оның денсаулығы да әлдеқайда жақсы дейді қарттың ұл-қыздары. Қара шашы мен жаңа тістерінің шығып жатқанынан бөлек, тіпті бет терісінің де жасарып жатқанын айтады қарияның перзенттері.
«Жаңадан тіс шықты, жаңадан шаш шықты қарайып. Сонымен солай болды. Қайта жасартайын деп жатыр ғой жасаған Аллам», – дейді 100 жастағы қария Раушан Ағыбаева.
Бүгінде Раушан Ағыбаеваның дүниеге әкелген он перзентінен 60-тан астам ұрпақ тараған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз