100 жастағы әжеге төлқұжат тапсырды

48

0

Сырдария аудандық ХҚКО бөлімінің басшысы Жұмабек Әшімұлы бастаған ұжым жуырда 100 жасқа жеткен Сәлима апа Күдебаеваны мерейлі жасымен құттықтап, жеке куәлігін табыстады.

Сәлима апа Оңтүстік Қазақстан облысы Шалкия ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылған. 1933 жылы күйеуге шығып, Қызылорда облысына келеді. Жастайынан кесек құйып, масақ терген. 1941 жылы соғыс басталып, жолдасы соғысқа кетеді. Соғыс кезінде тылда жұмыс істеген. Соғыстан жолдасы жараланып оралады.

Екеуі 2 кыз, 4 ұл тәрбиелеп өсірген. Тереңөзек кентіндегі наубайханадан зейнетке шыққан. Көптеген марапаттың иесі. Соғыс ардагерінің жесірі, тыл ардагері қазір немере-шөберенің қолынан су ішіп отыр

Орталық қызметкерлері кейуананың төлқұжатын қолына тапсырып, батасын алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз