11-13 наурызға арналған ауа райы болжамы

66

0

11-13 наурызға арналған ауа райы болжамы«Қазгидромет» РМК 11-13 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы демалыс күндері және дүйсенбіде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында жоғары циклон ықпалымен жауын-шашынды, бұлтты ауа райы күтіледі. Таулы аймақтарда ауа температурасы климаттық нормадан 1-3ºС төмен болады. «Республиканың қалған аумағы антициклон ықпалында болады, сол себепті бұлтсыз, жауын-шашынсыз күн райы болжанады.
Бірақ, түнгі және таңғы уақытта Қазақстанның басым бөлігінде тұман болып, жолды көру мүмкіндігі қиындай түседі (100-500 м). Ауа температурасы нормадан 2-5ºС жоғарылайды», – делінген Қазгидрометтің хабарламасында.     
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз