11-13 шілдеге ауа-райы болжамы жария етілді

55

0

Қазгидромет алдағы 11-13 шілдеге арналған ауа-райы болжамын жариялады. Синоптиктердің хабарлауынша, Ресейдің Таймыр түбегі аумағынан Қазақстанға ылғалды және салқын ауа әкелетін жоғары барилік жыра республиканың оңтүстік жартысына көптен кетпеген ыстық ауа температурасын төмендетеді.
«Ауа температурасы тек қана төмендеп коймай, мұнда алдағы үш тәулікте өткінші жаңбыр, найзағайлы нөсер күтілуде. Биік барилік жырамен  байланысты болған атмосфералық ағындар жаңбыр шақырады. Ағындардың ықпалы Қазақстанның бүкіл аумағына әсер етеді, сол себептен республиканың көптеген облыстарының кей жерлеріне жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, күшті екпінді жел және бұршақ болады деп болжануда», делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз