13-15 сәуір аралығы жауын-шашынды болады

81

0

13-15 сәуір аралығы жауын-шашынды болады«Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 13-15 сәуіріне арналған ауа-райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алдағы үшн күнде еліміздің басым бөлігінде сәуір айына тән ауа райы сақталады. Яғни атмосфералық процестер жылдам ауысып, жауын-шашын сақталады. 13 сәуірде республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында суық ағымдардың әсерінен жаңбыр жауып, кей жерлерде жауын мол көлемде түседі. Таулы аймақтарда жаңбыр, сулы қар және екпінді күшті жел күтілуде. Батыс облыстарында салқын атмосфералық ағымдардың артынан, Кавказ өңірлерімен антициклон ауысады.
Алайда, Жерорта теңізі мен Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аймақтарында циклондар қалыптасып, еліміздің шығыс аймақтарында антициклондар ауысып, солардың әсерінен Қазақстанның батыс бөліктерінде, 15 сәуірде циклондардың әсерінен жауын жауып, найзағай ұрды. Оңтүстік батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз