13 қылмыстық іс бойынша медиация заңы қолданылған

73

0

13 қылмыстық іс бойынша медиация заңы қолданылғанҚызылорда қаласының №2 сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференция өткізілді.
Баспасөз конференциясында сот төрағасы А.Әбу 2017 жылдың 3 айында сотта атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Аталған кезеңде 147 адамға қатысты 127 қылмыстық іс түскен. Аяқталған 111 істің 66 ісі бойынша 85 адамға қатысты үкім қабылдау арқылы қаралған, оның  2 адамға  қатысты 2 ақтау үкімі жекеше айыптау ісі бойынша шығарылған. 38 іс бойынша 46 адамға қатысты қаулы қабылданған, 13 қылмыстық іс бойынша медиация заңын қолдану арқылы  жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.
274 сотталушыға қатысты Қазақстан Республикасы «Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданылған. Есепті кезеңде 10 жекеше қаулы қабылданған.
Бұған қоса сот төрағасы, жеке айыптау істерінің қайтаылу саны өткен жылдың осы кезеңмен алыстырғанда 97-ге азайғанын, алдағы уақытта да осы бағытта жұмыстар күшейтіліп, сот істерінің созбалаңға салынбай,азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы үшін жұмыстар жасалатындығын айтты. 
     Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз