15 күнде 34 адам әкімшілік қамауға алынды

39

0

15 күнде 34 адам әкімшілік қамауға алындыҚаңтар айының 15 күнінде Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің Әкімшілік қамау орнына барлығы 34 азамат сот қаулысымен қамаққа алынды, – деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен. 
Нақтырақ айтсақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабында жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйінде басқаруға тыйым салынады делінген. Алайда есепті мерзімде аталған талаптарды орындамай, заң бұзушылықтарға бару деректері тыйылмай отыр. 15 күннің өзінде көлік құралын алкогольдік, уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін 4 азамат сот қаулысымен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған болатын. Мәселен, рейдтік жұмыстар барысында полиция қызметкерлері «Аudi 80» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жүргізушісінің автокөлік басқаруға құқығы жоқ екендігін, сонымен қатар, көлік жүргізушісі алкогольдік масаң күйде екендігін анықтады. Тиісті сараптамалар тағайындалып, құқық бұзушы сот қаулысымен әкімшілік қамаққа алынған. Сонымен қатар, сот қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, атап айтқанда қоғамдық орындарда былапыт сөйлеп, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, қоғамдық орындарды ластап, абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 8 азамат қамаққа алынса, 2 азамат отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін 2-4 тәулікке сот қаулысымен қамалған. Мәселен, 2017 жылдың 9 қаңтары күні сағат 18-30-дар шамасында Тасбөгет кентінің тұрғыны әйелін балағаттап, былапыт сөйлеп, қорлап, тиіскені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігіне сәйкес сот қаулысымен 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз