15 жастағы жасөспірім шоколад сатып миллионер атанған

41

0

15 жастағы британ азаматының 3 мектепте жеке бизнесі бар. Бұл бизнестен оған күніне 18 мың рубль пайда түседі (96000тг). Натан Джон-Баптист «тәтті» империя құрып одан жылына 50 000 фунт пайда көріп отыр деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. 
Шетел басылымының жазуынша, Натан 11 жаста болғанда ол миллионермен сөйлескен. Ол Натанға кез-келген нәрсеге қол жеткізуге болады деп айтқан. 12 жасынан бастап мектеп оқушыларына қоңырау уақытында сағыз, сусын сатып отырған. Тауарларға деген сұраныстың көптігінен ол дәретханада дүкен ашып снэпчат әлеуметтік желісі арқылы оларды сатқан. 
Қазір жас миллионер 3 мектепте жеке бизнесін жүргізіп отыр. Оған 11 сатушы жұмыс істейді. Сағыз, шоколадтан күніне 230 фунт түседі. Алайда Натанға өзінің мектебінде дүкенді жабуын талап еткен. «Мен басқалары жасамағанды жасадым. Өзгелер тәтті сатса, мен империя жасадым»-дейді жас миллионер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз