Қар жауып, тұман түседі

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, тұман күтіледі. Тек солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, шығыста және солтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау областарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Оңтүстік Қазақстан облысында - көктайғақ.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан областарының кей жерлерінде тұман, Алматы, Жамбыл областарында - көктайғақ күтіледі.

 

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 желтоксан 2017 г. 350 0