«Пешпен жылытудың қауіптілігі – улы газбен улану»

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті және «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» қызметкерлері және волонтер ретінде Абылай-хан колледжі студенттері бірлесіп тұрмыстағы жылыту пешін дұрыс қолдану және көмір қышқыл газына улану фактісін азайту мақсатында «Жайна» сауда орталығында «Пешпен жылытудың қауіптілігі – улы газбен улану» тақырыбында акция өткізілді. 

2017-2018 жылу жылу беру маусымы кезезеңі басталғалы 2 көмірқышқыл газына улану фактісі тіркеліп,  4 адам зардап шеккен, оның ішінде 1-еуі бала. Алдағы уақытта «Қауіпсіз Жаңа жыл», «Қауіпсіз көлік», «Көп қабатты ғимараттардағы қауіпсіздік», «Табиғат - ол өмір», «Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар» тақырыбында акциялар ұйымдастыру жоспарлануда.

                                          Қызылорда облысы ТЖД

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 желтоксан 2017 г. 559 0