Мүмкіндігі шектеулі жандар марапатталды

Облыс көлемінде жүргізіліп жатқан «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы аясында  Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен Қызылорда облысы «№6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9 сынып оқушыларымен «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» атты іс-шарасы өткізілді.

Оқушыларға жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, орталық қызметкерлерімен қызықты ойындар ойнатылып, түрлі-түсті көрнекі үгіт-насихат және оқу құралдары таратылды.

Жол ережелері бойынша «Үздік суретші» байқауы ұйымдастырылып, «Үздік суретшіні» анықтау үшін оқушылардың салған суреттері жинап алынды.

Іс-шараға атсалысқан мүмкіндігі шектеулі жандар мадақтамалармен және  сыйлықтармен марапатталды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 желтоксан 2017 г. 290 0