16 бас қой ұрлағандар ұсталды

62

0

16 бас қой ұрлағандар ұсталдыҚызылордада 16 бас қойды ұрлап, Ақжарма аулының тұрғындарына 580 000 теңге көлемінде мүліктік шығын келтірген барымташылар қолға түсті, – деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен. 
Мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында өткізілген жедел-іздестіру шаралары барысында өткен жылы жасалған мал ұрлығы қылмыстары ашылды.
Атап айтқанда, 2016 жылдың желтоқсан айының 18-нен 19-на қараған түні Сырдария ауданы, Ақжарма ауылының тұрғыны мал қорасынан белгісіз біреулер 4 бас қойын жасырын ұрлап кетіп, 120 000 теңге көлемінде  мүліктік шығын келтіргені жайлы Сырдария аудандық ішкі істер бөліміне арызданады. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 26 жастағы 2 азамат анықталып, аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Заттай айғақ ретінде арнайы ен салынған малдар алынды.  
Тергеу жұмыстары барысында аталған күдіктілердің бұдан бөлек 3 мал ұрлығы қылмысына қатыстылығы анықталды. Яғни, 13 қарашада аудан тұрғынының 3 бас қойын ұрлап, 140 000 теңге көлемінде шығын келтірсе, 15 қарашада тағы бір ауыл тұрғынының 5 бас қойын, 25 қарашада бір азаматтың 4 бас қойын ұрлап,  біріне 200 000 теңге, енді біріне 120 000 теңге мүліктік залал келтірген. Атап өтерлігі, ұсталған азаматтар бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену ойларын түнгі мезгілде жүзеге асырып отырған.
Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз