170 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды

36

0

170 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталдыКеше Қызылордада Жаппасбай батыр көшесіндегі 170 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысы басталды. Тұрғын үй құрылысын «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  мен «Бақ-береке 2030» ЖШС бірлесіп жүзеге асырады. 
«Бақ-береке 2030» ЖШС директоры Қайрат Ерназаров үйдің жобалық құрылысы туралы баяндады. Оның айтуынша, нысанда 100 екі бөлмелі, 70 үш бөлмелі пәтер болады. Құрылыстың жалпы аумағы 2 гектарды құрайды. Құрылыс 2017 жылы аяқталады. 
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Мамыталиев үйдің іргетасына «уақыт капсуласын» қалап, қызылордалықтарды құрылыстың басталуымен құттықтады. 
170 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды– Соңғы жылдардағы айтулы жетістіктердің бірі – тұрғын үй құрылысы саласындағы жақсы нәтижелер. 2004 жылы аймақта 92 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазір бұл көрсеткіш 500 мың шаршы метрге ұлғайып, 5,5 есеге өсті. Тек өткен жылы құрылыс көлемі 3,5 есеге өсті, оның ішінде Қызылорда қаласында 8  есеге артты. Биыл 80 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы соңғы үш жылда  Қызылордада 11 шағын аудан бой көтерді, – деді облыс әкімі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз