18 қарашада \»Союз МС-03» ұшырылады

41

0

18 қарашада "Союз МС-03» ұшырыладыБайқоңыр ғарыш айлағына Халықаралық ғарыш стансысына (ХҒС) ұшатын кезекті экспедицияның экипажы келді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Крайний» әуежайында ғарышкерлер мен астронавттарды ғарыш кешенінің басшылары, оқушылар, студенттер мен тілшілер қарсы алды.
Кездесуден кейін экипаждар Ю.А.Гагарин атындағы Ғарышкерлерді даярлау орталығының шұғыл тобымен бірге сынақ оқу-жаттығу кешеніне аттанды. Олар онда ұшу алдындағы даярлықтың соңғы кезеңі шеңберіндегі ауқымды жұмыстарын тыңдыратын болады.
Жаңа модификациядағы «Союз МС-03» басқарылатын кеменің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылуы 2016 жылдың 18 қарашасына, Астана уақытымен 02 сағат 20 минутқа белгіленген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз