2 мыңнан астам кәріз құдығының қақпағы қолды болған

40

0

2 мыңнан астам кәріз құдығының қақпағы қолды болғанҚала тұрғындары соңғы үш жылда екі мыңнан астам сервистік және кәріз құдықтарының қақпағын ұрлап кеткені үшін «жазаланды», деп хабарлады Қызылорда қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бұл өте өзекті мәселе, себебі сумен қамту ұйымы құдық қақпақтарын өз қаражатына сатып алады. 2013 жылы қалалық су арнасы 1200 қақпақ сатып алды, өткен жылы – 600, биыл тағы да қаражат бөлініп отыр. Жалпы алғанда үш жыл ішінде 19 млн теңгеге жақындайды», – дейді Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Қалада күндіз де, түнде де қосылып тұратын бейнебақылау камераларының арқасында қақпақтарды жымқырып кеткен ұрлықшыларды табу аса қатты қиынға соқпайды. Ал ұсталған азаматтар темір қақпақты не үшін қолды еткендерін де жасырмай түсіндіріп жататын көрінеді.
«Бұл жерде ұрылардың қақпақты мақсатты түрде қолды еткендері анық. Ал коммуналдық меншікті бұзақылық пиғылмен бұзатындарды түсіну қиын. Мысалы, қалалық Оқушылар сарайының маңындағы саябақта біреулер көше шамдарын сындырып, мүсін формаларын қиратып кеткен. Меценаттар Шұғыла шағынауданында тұрғындарға жайлы тынымбақ ашқан еді. Көп ұзамай бұзақылар онда да ойран салып кетті. Мұндай жағдайлар қала әкімшілігінің басты назарында, себебі халықтың мәдени демалысы үшін қажетті инфрақұрылым құруға мемлекет қазынасынан аз ақша бөлінбейді», – деп толықтырды Н.Нәлібаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз