20 мың теңгеге бола такси жүргізушісін өлтірген

45

0

Күдікті өз кінәсін ішінара мойындап отыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . 29 қаңтарға қараған түні 53 жастағы Серікбай Әметов такси қызметіндегі түнгі ауысымға шыққан. 01.40-та оған оператордан тапсырыс түседі. Ер адам клиентті алып кетіп, сол күйде үйіне оралмаған.
Ал бір тәулік өткенде ер адамның мәйіті табылыпты. «29 қаңтарда, жексенбіде білдік. Әкем өз көлігінде өлі табылды. Басына екі рет оқ атылған. Ал көлігін өртеп кеткен», – деді марқұмның қызы Әсел Әметова.
Келесі күні таңғы уақытта күдікті ұсталған. Ол 1992 жылғы қызылордалық болып шықты. Ол марқұмның қызы Әселдің сыныптасы екен. Әселдің айтуынша, ұсталған жігіт бастапқыда өз кінәсін мойындаған, тіпті ісіне өкінген. Алайда кейін өз сөзінен бас тартыпты. «Ұсталған күдікті өз кінәсін ішінара мойындап отыр. Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның мән-жайы айтылмайды. Қазіргі уақытта «Адам өлтіру» бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Қызылорда қалалық ІІБ өкілдері.
Әсел Әметованың айтуынша, кісі өлтіруге ақша себеп болған. «Ол такси шақырғанда оператордан 20 мың теңгеге майда ақша табылатын адамның келуін сұраған. Әкемнің қалтасында ақша болып, осы шақыртуға шығып кеткен. Ал өлігі табылғанда ақшасы болмай шыққан. Біз қазір күдіктінің қаржылай қиындықтары болғанын біліп отырмыз. Оған дейін ол бір такси жүргізушісін шақыртқан. Кейін оны алдап кеткен, себебі қалтасында ақшасы болмаған. Ол бастапқыда әкемді өлтіріп, кейін артқы орындығына салып, қалада көлікпен жүрген. Қазір ол жеке адвокат жалдапты және тапаншаны менің әкемдікі дейді, айтуынша, менің әкем оны өлтірмек болған, сөйтіп, әкем, оның айтуынша, өз-өзіне екі рет оқ атып алыпты», – дейді марқұмның қызы.
Қазіргі уақытта марқұмның туыстары сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отыр. Күдіктінің оқиға кезінде есін білгені және мас болмағаны белгілі болып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз