20 жылдан кейін Қазақстан қалаларындағы халықтың саны 65 пайызға жетпек

55

0

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті. «Қазіргі кезде қалаларда 9,4 миллион адам тұрып жатыр. Атап айтқанда бұл ел халқының 55 пайызын қамтып отыр. Алдағы 20 жылда урбанизация тағы 10 пайызға артады деп күтілуде»,- деді ол.Осы орайда ол Қазақстан бойынша урбанизация деңгейі біркелкі емес екендігін сөз етті. Яғни, кейбір өңірлерде халықтың қалалық жерге ағылу көрсеткіші жоғары болуда. «Бұл тұрғыда бірінші орындарда Астана, Алматы қалалары, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстары тұр. Сонымен қатар халық саны төмендеп келе жатқан өңірлер бар»,-деді Е. Орынбаев. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз