2014 жылы 7 мыңға жуық қандасымыз тарихи отанына оралды

60

0

2014 жылы 7 мыңға жуық қандасымыз тарихи отанына оралды2014 жылдың 9 айы ішінде Қазақстанға 3347 оралман отбасы (6761адам) келді, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқандай, гендерлік құрам бойынша: ер адамдар – 3438, әйелдер – 3323 адам, балалар – 1598 адам. Еңбекке жарамды жастағы тұлғалар – 4768, зейнеткерлік жастағы тұлғалар – 395 адам болып бөлінеді.

Келген оралмандардың арасында 368 адам жоғары білімді, орта мамандандырылған білімі бар – 869 адам, жалпы орта білімді – 2592 адам, білім алмағандар – 938 адам.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз