
Мәсімов «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік
төлемдердің мөлшерін 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы»
Үкімет қаулысына қол қойды.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Астана, Үкімет Үйі 2014 жылғы 12 желтоқсан №1308
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы
25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 4) тармақшасына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2015
жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын
адамдарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету
қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына
тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2015 жылғы 1 қаңтардан
бастап жеті пайызға арттыру жүргізілсін.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!