2015 жылы «Азаматтық альянс» мүшелері екі есеге өсті

45

0

2015 жылы «Азаматтық альянс» мүшелері екі есеге өстіҚызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдары, оның ішінде «Азаматтық
Альянсы» қауымдастығының мүшелері жыл сайын мол тәжірибе жинақтап,
әлеуметтік саясатты жүргізуде қоғамдағы ықпалды күшке айналып келеді.

Бұл
туралы бүгін облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте
«Қызылорда облысының Азаматтық Альянс» қауымдастығының төрайымы Әлима
Әбдіқалықова айтты.

– Мысалы, 2013 жылмен салыстырғанда 2015 жылы
«Азаматтық Альянс» мүшелері 2 есе өсті, ақпараттық-ресурстық орталығы
тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда да өз қызметін белсенді
атқарды, үкіметтік емес ұйымдар 19 маңызды әлеуметтік жобалар бойынша
жұмыс жасады, – деді Ә.Жақыпқызы.
Алдағы уақытта «Азаматтық
Альянс» үкіметтік емес ұйымдары қауымдастығы еліміздегі
қоғамдық-әлеуметтік саясатты іске асыруда өз жұмыстарын жаңа құқықтық
кеңістікте кәсіби деңгейін көтеріп, сапалық жағынан жаңғыртып, аудан,
ауылдық жерлердегі үкіметтік емес секторды дамытуда атсалысып, «Ұлт
жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласындағы үшінші,
төртінші реформалардың орындалуына өз үлестерін қосуды мақсат етуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз