2015 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

50

0

Бүгін мемлекеттік білім гранттары иелерінің тізімі
ресмиБАҚ-та жарияланды.Еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылық асыға
күтіп отырған білім гранттары иегерлерінің тізімін МЫНА ЖЕРДЕНжүктеп алуға болады.

Осылайша,
мемлекеттік білім гранттарының иелерін анықтайтын комиссия 2015-2016
оқу жылына бөлінген 32 168 грант иегерлерін толық анықтады.

Гранттың 500-і жоғары оқу орындарының дайындық
бөлімдеріне берілсе, 29 668 грант 1 курсқа оқушылар қабылдауға арналды.
Соның ішінде күндізгі оқу бөліміне – 29 168, сырттай үшін 500 грант
берілді. Білім гранттарын қабылдау құқығын конкурс жолымен анықталған 60
жоғары оқу орны жеңіп алды.

Көрсетілген басымдықтар есебімен 12 600 грант –
түлектерді техникалық және технологиялық, 6000-ға жуық грант –
педагогикалық, 2 690 грант ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы
мамандықтары бойынша оқытуға бөлінді.

Еске сала кетейік, 2015 жылы білім гранттарын алуға
67 377 түлек қатысты. Олардың 53 162-сі – қазақ, 14 215 орыс
мектептерін бітірген.

Сол сияқты «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!»
жобасы шеңберіндегі квотаны алу үшін таласқа 6 457 мектеп бітіруші
үміткер болды. Конкурсқа «Алтын белгі» төсбелгісінің 2 116 иегері
атсалысты. Бұлардан бөлек, үміткерлер арасында Назарбаев зияткерлік
мектептерінің 1 255 түлегі, жалпы білім беретін пәндер бойынша
халықаралық және республикалық олимпиадалардың 163 жеңімпазы, жалпы
білім беретін пәндер халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың
930 жеңімпазы, республикалық және халықаралық спорт жарыстарының 816
жеңімпазы, президенттік олимпиаданың 6 жеңімпазы бар. Олардың бәрі білім
беру грантын тағайындау кезінде басымдылықтар алды.

Конкурсқа қатысатындар арасында сондай-ақ 483 жетім
баланың I және II топтардағы 341 мүгедектің бар екені атап көрсетілген.
Сол сияқты соғысқа қатысушыларға теңестірілген жеңілдіктер мен
кепілдіктер бойынша 20 абитуриент конкурсқа түсті. Бұдан бөлек,
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының 1 190
өкіліне квота қаралды.

ҚазАқпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз